Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жаңа Салық кодексі тұрғын үй, банк және қызмет бағасына әсер етеді: сарапшы түсіндірді

    Жаңа Салық кодексі тұрғын үй, банк және қызмет бағасына әсер етеді: сарапшы түсіндірді

    Басты тақырып 22/12/2025
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жаңа жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл өзгерістер тек кәсіпкерлерге ғана емес, қарапайым азаматтардың да күнделікті шығындарына тікелей әсер етеді. Салық саласындағы сарапшы, бухгалтер Айжамал Әбдікерімова Baseimiz Live YouTube арнасына берген сұхбатында реформаның мәні мен негізгі ерекшеліктерін түсіндірді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Сарапшының айтуынша, реформаның негізгі мақсаты көлеңкелі бизнесті азайтып, салық жүйесін оңтайландыру. Бұған дейін елде 8 түрлі салық режимі болған. Енді олар қысқартылып, тек жалпыға ортақ режим, жеңілдетілген режим және ауыл шаруашылығы саласына арналған режим ғана қалады. Сонымен қатар такси жүргізушілер, шаштараздар, пәтерін жалға беретін азаматтар секілді шағын табыс табатын тұлғаларға арналған арнайы мүмкіндік сақталады. Айына 1,3 миллион теңгеге дейін табыс табатындар ИП ашпай-ақ жұмыс істей алады. Бұл жағдайда азамат ай сайын бір ғана төлем жасайды, оның 4 пайызы зейнетақы мен медициналық сақтандыруға автоматты түрде бөлінеді. Алайда сарапшы бұл режимнің зейнетке шығу немесе декретке шығуды жоспарлаған адамдар үшін тиімсіз екенін атап өтті.

    “Ең көп талқыланып жатқан өзгерістің бірі — қосымша құн салығының өсуі. Бұрын ҚҚС 12% болса, енді ол 16%-ға дейін артады. Бұл өз кезегінде банктік қызметтердің, балабақша мен үйірмелердің, түрлі сервистік қызметтің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар тұрғын үй бағасының өсуі де күтіледі. Бұған дейін ҚҚС-тан босатылған құрылыс компаниялары енді бұл салықты төлеуге міндеттеледі”, — дейді ол.

    Сарапшының айтуынша, қосымша салық ауыртпалығы пәтер бағасына тікелей қосылады.

    Жаңа кодекске сәйкес банктердің корпоративтік табыс салығы 15%-дан 25%-ға өседі. Бұл банк қызметтерінің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар жекеменшік балабақша мен мектептер секілді әлеуметтік сала кәсіпкерлері 2026 жылдан бастап салық төлей бастайды.

    Енді жеке тұлға тұрғын үйді екі жылдың ішінде сатып, пайда тапса 10% салық төлейді. Бұрын бұл мерзім бір жыл болатын. Ал үш жылдан кейін сатылған мүлікке салық салынбайды. Сарапшы мемлекет тарапынан бақылау күшейетінін де ескертті. Оның айтуынша, мүлік пен көлікке қатысты барлық операция автоматты түрде бақыланады, ал салық төлемеген азаматтардан берешек үш жылға дейін кері өндіріліп алынады.

    Айжамал Әбдікерімованың сөзінше, жаңа Салық кодексі тек бизнеске ғана емес, бүкіл қоғамға әсер ететін реформа.

    “Қызмет бағасы өседі, тұрғын үй қымбаттайды, банк операциялары да қымбат болуы мүмкін. Сондықтан әр азамат бұл өзгерістерді алдын ала біліп, дайын болғаны жөн”, — дейді сарапшы.

    Жаңа салық кодексі қымбатшылық

    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.