Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 13 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Желтоқсаннан бастап электр қуаты қымбаттайды

    Желтоқсаннан бастап электр қуаты қымбаттайды

    Ел іші 02.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Электр қуаты желтоқсаннан бастап 6 пайызға қымбаттайды. Ал оны жүгендеуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің шамасы жетпейді. Себебі, бағаның өсуіне газ, көмір, жанармай сияқты комитеттің құзырына кірмейтін отын түрлері әсер етіп отыр, — деп хабарлайды КТК арнасы.

    Монополияға қарсы қызмет «Электр энергиясының өзіндік құнын Энергетика министрлігі белгілейді» деп, мәселенің басын сол жаққа бұрады. Ал олар «Бағаны Комитет белгілейді» деп, басын даудан арашалағысы келеді. Екі жақ өзара түсінісе алмай жатқанда, қымбат тариф тұтынушының қалтасынан өтелмек.

    Тариф тақырыбын Елбасы бір жыл бұрын ғана Қауіпсіздік кеңесінде арнайы қарап, министрлерді сынға алған еді. Артынша монополистер негізсіз тариф арқылы халықтан алған артық миллиондарын кері қайтара бастаған. Енді бағаны көтеру деген әңгіме қайта қылаң берді.

    «Энергетика министрлігі сатып алу бағасын бекітеді. Сол жақта 15,7 пайызға көтерілгендіктен, оның бағаға да кері әсері болады. Яғни, желтоқсаннан бастап 6 пайызға әсер етуі мүмкін», — дейді ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ыбырайханов.

    Электр бағасы нарығына әсер ететін негізгі үш фактор десек, оның бірі – көмір. Көмір бағасы соңғы екі жылда екі еседен де жоғары қымбаттаған. Ол электр қуатының өзіндік құнының шамамен жартысын құрайды.

    Одан бөлек, газ бен жанармай да электр бағасын негізгі қалыптастырушылар. Оларды бақылауға комитеттің құзыры жетпейді. Солардың бағасы көтерілгеннен кейін, электр қуатының көтерме саудадағы бағасы да қымбаттайтыны түсінікті.

    «Егер газ стансаларын алсақ, газ қымбаттаған жоқ. Ол станциялардың тарифі қымбаттамайды, ал көмір қымбаттады. Сондықтан ол тарифке әсер етеді. Ал оның бағасын қадағалау – комитеттің жұмысы. Олар тарифтің қалыптасуына қатысты барлық сатыны жеке-жеке қарайды. Сондықтан олар тарифтің өсуін мейлінше азайта алады немесе тіпті өсірмей қоя да алады», — дейді ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры Қайрат Рахымов.

    Әзірге Табиғи монополиялар комитеті мен Энергетика министрлігі баға нарығын кім реттейтінін өзара анықтай алмай жатыр. Білдей екі мекеме мәселені бір-біріне сілтеп әлектеніп жүре берсе, бір айдан кейін электр энергиясы ақыры қымбаттайын деп тұр.

    Бағаны арзандататын бір мүмкіндік – жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту, яғни жел мен күн энергиясын пайдалану. Бірақ оның қазіргі бүкіл энергия қорындағы үлесі 2,3 пайыз ғана.

    Қалғаны негізінен сәт сайын қымбаттап бара жатқан көмірдің күшімен отыр. Ал көмірдің бағасын елімізде ешқандай мемлекеттік орган реттемейді. Яғни, көмір қымбаттаса, тариф те өседі. Сайып келгенде жарық тарифінің өсуі тағы да тұтынушының қалтасына түсейін деп тұр.

    баға жарық

    Оқылып жатыр

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.