Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

      01.07.2026

      Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

      01.07.2026

      Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

      01.07.2026

      Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

      30.06.2026

      АҚШ — Иран келіссөзінен кейін мұнай арзандай бастады

      30.06.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    Жаңалықтар 01.07.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Іс-шараға университет басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев жүргізіп, қатысушыларды 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда Қазақстан халқы қолдаған жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады.
    Өз сөзінде ректор жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің құқықтық жүйесіндегі маңызды кезең ғана емес, мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын тарихи оқиға екенін атап өтті.

    «Бұл – мемлекетіміз үшін тек құқықтық меже ғана емес, терең дүниетанымдық мәні бар тарихи оқиға. Жаңа Конституцияда адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияларды дамыту жеке ведомстволық міндет ретінде емес, мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекітілгені ерекше маңызды. Бұл жоғары білім беру ұйымдарына жүктелетін жауапкершіліктің арта түскенінің айқын көрінісі», – деді Ермек Бөрібаев.

    Дөңгелек үстелде Жетісу университеті базасында филиалы ашылған Италияның Марке политехникалық университетінің (UNIVPM) ректоры Энрико Куальяринидің бейнеүндеуі көрсетілді.
    Энрико Куальярини Қазақстан халқын жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

    «Италия мен Қазақстанды өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген достық қарым-қатынас байланыстырады. Біздің университеттеріміз білім беру, ғылыми зерттеулер және студенттер алмасуы арқылы осы достықты нығайтуға үлес қосып отырғанына мақтанамыз.
    Марке политехникалық университеті мен Жетісу университеті арасындағы серіктестік қос дипломды бағдарламалар, оқытушылар алмасуы, бірлескен ғылыми зерттеулер, сондай-ақ Талдықорған қаласындағы Жетісу университеті кампусында жұмыс істейтін университетіміздің филиалы арқылы жыл сайын нығайып келеді. Алдағы уақытта да көптеген жаңа бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдіремін. Осы ерекше күні шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Конституция күні құтты болсын! Қазақстанның барша халқына ізгі тілектерімді арнаймын», – деді Энрико Куальярини.

    Жиын барысында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Бексұлтан, Физика-математика факультетінің деканы Ілияс Есенғабылов, Құқық және экономика факультетінің деканы Ғалым Телеуов, Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Әлібек Ізбасаров және Гуманитарлық факультет деканы Райгүл Желдібаева баяндама жасады.
    Баяндамашылар жаңа Конституцияның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық мәдениетті дамыту мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

    Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев өз сөзінде жаңа Конституцияда айқындалған құқықтық мемлекет қағидаттарының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты әділетті қоғам мен тұрақты мемлекеттің негізгі тірегі екенін атап өтті.

    Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституцияның Қазақстанның тұрақты дамуының, заң үстемдігі мен қоғамдық келісімнің берік негізіне айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру және конституциялық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

    Жетсу Конституция талқылау

    Оқылып жатыр

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026

    Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуімен халықты құттықтады

    01.07.2026

    Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    30.06.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026

    Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуімен халықты құттықтады

    01.07.2026

    Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    30.06.2026

    АҚШ — Иран келіссөзінен кейін мұнай арзандай бастады

    30.06.2026

    Ерлан Қарин вице-президент болмайды: ол жаңа лауазымға тағайындалды

    30.06.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.