Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 14 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісудағы наурыз тойы

    Жетісудағы наурыз тойы

    Жаңалықтар 07/04/2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Көктемнің келуімен бірге елге береке, жұртқа жақсылық әкелетін Наурыз мейрамы биыл да ұлттық рух пен ұйымшылдықты ұлықтаған кең ауқымды шараға айналды. Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу жерінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы қалалық, Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен мерекелік думан өтті.

    Наурыз тойы ұлттық салт-дәстүр мен өнерді дәріптеумен қатар, ұжымдық рухты нығайтқан мазмұнды мерекеге айналды. Талдықорған төрінде өткен шара қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтеріп, ән мен жырға толы әсерлі сәттер сыйлады.

    Салтанатты шараға мекеме басшылығы – бас директор Болатбек Айтбаев, оның орынбасары Асхат Оқасов және кадр бөлімінің басшысы Талғат Олжабаев арнайы қатысып, әріптестеріне ізгі тілектерін жеткізді.

    «Біздің мекеме жыл сайын Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуді дәстүрге айналдырған. Батыс, шығыс, оңтүстік және солтүстік өңірлердегі әріптестеріміз бірлесіп, көктемнің шуағына бөленіп, ортақ қуанышпен қауышып тұрады. Биылғы шараны Жетісу өңірі өткізуге ұсыныс білдірді. Табиғаты тамаша, гүлге оранған бұл өлкеде той ұйымдастыру – үлкен мәртебе. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бірлігіміз берік, еңбегіміз өнімді болсын!» – деді Болатбек Айтбаев.

    Мерекелік кеш аясында жол сапасын қамтамасыз ететін мамандар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Арқан тарту, садақ ату, кір тасын көтеру, асық ату, бес тас секілді ойындарда қызметкерлер шеберліктері мен ептіліктерін танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Сонымен қатар, ұлттық киімнің ерекше үлгісін ұсынған қызметкерлер де көпшіліктің қошеметіне ие болды. Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жаңғыртқан бұл шара мекеме ұжымының ауызбіршілігін, ұлттық болмысқа деген құрметін айқындай түсті.

    Наурыз мейрамы – тек табиғаттың ғана емес, адам жанын жаңғыртатын ерекше мереке. Ал жолшылар қауымының бұл жолғы мерекесі – елге сапалы жол, нық қадам, жарқын болашақ сыйлауға бағытталған еңбектің бір белесі іспеттес болды.

    жетісу Жетісу облысы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Жолсапа наурыз наурыз тойы

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.