Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    29.06.2026

    Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

    29.06.2026

    Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

    29.06.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 30 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

      29.06.2026

      Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

      29.06.2026

      Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

      29.06.2026

      Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

      29.06.2026

      Елде бидай импортына тыйым салынды

      29.06.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Жыныстық қатынасқа тартты». Судья сот төрағасынан «қорлық көрдім» деп шағынды

    «Жыныстық қатынасқа тартты». Судья сот төрағасынан «қорлық көрдім» деп шағынды

    Жаңалықтар 08.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    07.12.2020, 16:46

    Қызылорда облысында аудандық соттың төрғасы қол астындағы судьяны төсектесі болуға шақырған. Қарамағындағы келіншекті дегеніне көндіре алмаған сот төрағасы қудалауды бастаған, деп хабарлады Azattyq Rýhy сайты.

    Сайттың жазуынша, «Қорлық көрдім» деп хабарласқан Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбайдың айтуынша, оған бастықтары қарауындағы сот істерінен пайда табуды да тапсырған.

    «Мен бұл заңсыздықты Қызылорданың өзінде шығара алмайтын болған соң, Шымкент қаласына келдім. Бұрынғы бастықтарым қызметінің өсуіне байланысты ауысып кетті, мен олардың тарапынан ондай әрекетті мүлдем көрген емеспін. Шиелі аудандық сотының төрағасы болып М., Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып Қ. 2017 жылы тағайындалды. Сонда маған «Сіз қандай сұлу келіншексіз», «Сіз менімен бірге шай ішесіз бе?», «Жыныстық қатынасқа барсақ, ойнасым бол» деген әңгімелерге тартып, маған ұсыныс жасады. Сосын мен ондай істің болмайтынын ашық айттым. Шиелі соты төрағасының бетіне айтып едім, содан оның бірінші дұшпаны болдым. Содан ол маған жұмыста күн көрсетпеді. Істеріме араласып, әр істен ақша алуды талап етті. Мен бұрынғы бастықтардың тұсында абыроймен жұмыс істегенмін, үстімнен арыз түспеген. Мыналар кемшілік табады, қыспаққа алады», — деді Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбай. 

    https://youtube.com/watch?v=eANCVgGPn40

    Гүлнұр Құрманбайдың заң саласында жүргеніне 20 жыл, Шиелі аудандық сотының судьясы болып жұмыс істегеніне 8 жыл болған. Аудандық соттың 37 жастағы төрағасы қол астындағы бойдақ келіншекті «қалағанына» көндіре алмаған соң, қыспаққа алған көрінеді. 39 жастағы келіншек басшылықтың мұндай қысымына шыдай алмай, бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шығып кеткен. Тіпті, өзіне ерсі ұсыныс жасаған төрағаның әрекетін тізіп, Жоғарғы сотқа да шағымданыпты. 

    «Олардың дегенін жасамағаным үшін үстімнен арыз түсіртеді. Бұл қудалау емес пе?! «Ана іске, мына іске бұлайша шешім шығарма, ана адаммен сөйлес, мына адаммен сөйлес» деп айтқаны өте көп. Мен олай жасай алмайтынымды ескерткенде, онда маған «көрсететінін» айтты. Ол расымен де «көрсетіп» келе жатыр. Мен шыдай алмай, бала күтіміне байланысты жұмыстан кетіп қалдым. Ол онымен тоқтаған жоқ, үстімнен Сыбайлас жемқорлықа қарсы қызметке арыз жазып, теріс шешім шығарғанымды айтқан. Күшіне еніп кеткен 22 сот ісіне араласты. Ол сот шешімдеріне байланысты үстімнен тараптардан арыз-шағым түспеген, қолдан ұйымдастырды. Сондай жиіркенішті! Шиелі аудандық сотының төрағасы! Оны қорғап отырған облыстық соттың төрағасы! Мен осы бойынша Жоғарғы сотқа арызданғанда, бастықтардың менің орныма құжаттарға қол қойғаны дәлелденді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғаудың орнына, әдеп комиссиясына қарауға жіберді. Ал күні кеше әдеп комиссиясы қандай шешімге келді дейсіз бе? Қызылорда облыстық сотының әдеп комиссиясы аудандық сот төрағасының қылығын қарауға негіз жоқ деп санап, Қамбар Нұрышов істі тоқтатып тастады. Бұл менің бала күтіміне кеткенге дейінгі көрген қорлығым. Бұл қорлық демалысқа кетсем де біткен жоқ. Құқығымды қорғау үшін талай рет жан-жаққа арыз жаздым. Әділдік таба алмағаннан кейін, жаным қысылған соң БАҚ өкілдерінен көмек сұрадым», — дейді судья Г. Құрманбай.

    Қызылорда облыстық және Жоғарғы соттың баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсініктемені кейін беруге уәде берді.

    Оқылып жатыр

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    29.06.2026

    Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

    29.06.2026

    Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

    29.06.2026

    Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

    29.06.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    29.06.2026

    Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

    29.06.2026

    Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

    29.06.2026

    Ауылдан көшкен жұрт қайда барып жатыр? — Сарапшы пікірі

    29.06.2026

    Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

    29.06.2026

    Елде бидай импортына тыйым салынды

    29.06.2026

    Қазақстан тарихында Сенат соңғы отырысын өткізді

    29.06.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.