Тоқаев туған күнін тойлай ма – Президенттің баспасөз хатшысы жауап берді

0

Президенттің туған күніне қатысты сұраққа баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған.

«Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», – дейді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Сәрсенбі, яғни 2023 жылғы 17 мамыр күні Мемлекте басшысы 70-ке толады. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

12 мамырда Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.