Автор: admin
Қазақстандағы банкроттар саны 100 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстанда банкроттық рәсімі аясында азаматтардың 373 миллиард теңге қарызы есептен шығарылды. 100 мыңға жуық адам банкрот мәртебесін алды, тағы 23 мыңнан аса азамат банкроттық рәсімінен өтіп жатыр. Банкроттық рәсіміндегі азаматтардың жалпы берешегі 134,5 миллиард теңгеге жеткен. Алайда кейбір міндеттемелер, соның ішінде алимент қарызы есептен шығарылмайды. Сондықтан борышкерлер оларды өздері өтеуге тиіс.
Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы қаржыларын сақтандыру компанияларына жиі аудара бастады, деп хабарлайды Tarazy.kz 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) сақтандыру компанияларына 564,4 миллиард теңге аударған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 109,7 пайызға көп. Тек үшінші тоқсанда аударылған қаражат көлемі 271,6 миллиард теңгеге жетті. Осы кезеңде өмірді сақтандыру компанияларының активтері 36,1 пайызға өсіп, 3,1 триллион теңгеге жетті. Ал зейнетақы аннуитеттерінен түскен сақтандыру жарналары 130,5 пайызға артып, 757,6 миллиард теңге болды. Қазір бұл төлемдер өмірді сақтандыру компаниялары жинайтын барлық жарнаның 65,6 пайызы болады. Сақтандыру компанияларының клиенттерге төлеген қаражаты да 92,2 пайызға өсіп, 197,3 миллиард теңгеге жетті. Төлемдердің басым бөлігі…
«ҚАЖсервис» ЖШС Атырау облыстық филиалында 34,8 млн теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылық анықталды. Қазір компания құқық қорғау органдарымен бірлесіп, осы дерек бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Компанияның мәліметінше, заңбұзушылықтар қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген ішкі талдау барысында белгілі болған. Атап айтқанда, филиалдың бұрынғы бас бухгалтерінің жеке банк шоттарына негізсіз ақша аударылғаны анықталған. Бұл деректер 2026 жылғы 3 ақпанда құжат жүзінде тіркелген. Осыдан кейін компания материалдарды құқық қорғау органдарына өз бастамасымен жолдаған. Атап айтқанда, 5 ақпан мен 26 наурызда Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тиісті өтініштер жіберілген. Қазір «ҚАЖсервис» прокуратура және экономикалық тергеу органдарымен бірлесіп, заңбұзушылықтардың барлық мән-жайын анықтауға қатысып жатыр.…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отышиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Tarazy.kz «2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылқызметі Самұрық-Қазына АҚ басқармасының төрағасы Н. Жақыпов пен ҚТЖ ҰК АҚ басқармасының төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады. Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады бейсенбі күні ҰҚК. Еске салайық, бұған дейін журналист Михаил Козачков Жақыпов пен Отышиевке қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Кейін саясаттанушы Ербол Еділов «Самұрық-Қазына»…
Адам өз құқығына қатысты мәселе туғанда көбіне нақты шешімге назар аударады: өтініші неге қабылданбады, талап неге қойылды, қандай негіз қолданылды? Кейде мәселенің түбі жеке шешімде ғана емес, сол шешімге негіз болған құқықтық нормада болуы мүмкін. Осындай жағдайда Конституцияның үстемдігі туралы қағида практикалық мәнге ие болады. Негізгі заңды білу азаматқа өз мәселесінің құқықтық сипатын түсінуге көмектеседі. Жаңа Конституцияның 72-бабы Конституциялық Сотты конституциялық бақылауды жүзеге асыратын тәуелсіз мемлекеттік орган ретінде айқындайды. Ал 73-баптың 3-тармағы азаматтардың Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарауды көздейді. Жүгінудің тәртібі мен шарттары конституциялық заңда белгіленеді. Демек, мұндай өтініштің…
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа алдағы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге қол қойды , деп хабарлайды Tarazy.kz Келісімде екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіру, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі мен медициналық талаптарды сақтау мәселелері қамтылған. Құжатқа сәйкес Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Сондай-ақ, қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.
Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 4,5% болды, деп хабарлайды Tarazy.kz 2026 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі — 4,5%. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыз тармаққа жоғары. Экономикалық өсімге негізінен шикізаттық емес сектор үлес қосты. Алдын ала бағалау бойынша бұл сектор 5,6%-ға өскен. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,5%-ға өсті. Бұл ретте өңдеуші сектордың өсу қарқыны он айда 9,3%-ға дейін артты. Өңдеу секторындағы ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерінде (13%), құрылыс материалдарында (5,4%) байқалады. Құрылыс саласында өсім 13,1%, көлік және қоймада 7,5%,…
Қазақстан Ресейге электр энергиясын жеткізіп жатыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы қысқы маусымда еліміздің жылу электр орталықтары электр энергиясына түсетін жүктеменің артуына дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрдің айтуынша, биыл электр энергиясын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 3 пайызға өсіп, 18 200 мегаватқа жетуі мүмкін. «Жылу электр орталықтары бұл жүктемеге төтеп береді. Апаттылық деңгейін төмендетіп, станциялардың жұмысын жақсарту үшін көп жұмыс атқардық. Қазір барлық станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – деді Ерлан Ақкенженов. Сондай-ақ министр Қазақстанның Ресейге екі күн қатарынан электр энергиясын жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, алдыңғы күні экспорт көлемі 120 мегаватт болса, келесі күні шамамен 70-80 мегаватты құраған.…
Қазақстанда климаттың жылынуына байланысты жылыту маусымының басталу және аяқталу уақыты қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрдің сөзінше, кей күндері үйлерге қажетті мөлшерден артық жылу беріледі. Пәтер іші ысып кеткен соң тұрғындар терезесін ашуға мәжбүр болады. Осылайша үйді жылытуға арналған энергияның бір бөлігі далаға кетіп, жылу тиімсіз жұмсалады. «Кейде үйді емес, ауаны жылытып жатқандай боламыз. Пәтерлер ыстық болғандықтан, адамдар терезесін ашады. Осылайша жылу сыртқа шығып кетеді», – деді министр. Қазір жылу беру деңгейі сырттағы ауа температурасына қарай реттеледі. Егер алдағы уақытта күн райы жылы бола берсе, жылыту маусымының басталу және аяқталу мерзімі де…
Қазақстандағы құтқару оқиғасы әлемге танымал кәсіпкер Илон Масктың назарын аударды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Starlink спутниктік интернетінің көмегімен қар құрсауында қалған бес адамның аман қалғаны туралы жазбаны бөлісті, деп хабарлайды Tarazy.kz Маск жазбаға қысқаша ғана «Starlink saves lives» («Starlink адам өмірін құтқарады») деп пікір білдірген. Оқиға 8 қарашада Илон Масктың X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды. Ол DogeDesigner аккаунты бөліскен ақпаратқа назар аударған. Жазбада Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында бес адамның қар құрсауында қалып, Starlink арқылы құтқарушылармен байланыс орнатқаны айтылған. Оқиға қалай болған? Оқиға 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында болған. Қыстау Күршім ауылынан шамамен 15 шақырым жерде жол талғамайтын…