Алматыда Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды

0

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», – деді Жас Отан жастар қанатыың өкілі Мәди Ахметов.

«Рақмет! Жастардан осындай ұсыныстың түскені қуантады. Бірақ мен өзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштің не керегі бар?», – деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой. Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ. Сіздерге рақмет. Бақытты болыңдар», – деді Елбасы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.