Трамп – КХДР жеріне табаны тиген тұңғыш АҚШ президенті

0

АҚШ президенті Дональд Трамп кореяаралық шекарадағы екіжақты кездесудің алдында КХДР шекарасына аздаған уақытқа өтіп, елдің көшбасшысы Ким Чен Ынмен қол алысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Алдымен Трамп «бітімге келу қалашығын» (Бірлескен қауіпсіздік зонасы» деп те аталады) бөліп тұрған әскери-демаркациялық сызыққа бет алған болатын. Кейін оған Ким Чен Ын таяп келіп, олар бір-бірімен қол алысты. Бұдан әрі екеуі Солтүстік Кореяның шекарасына бірге аттады. Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының іс басындағы Президенті ретінде КХДР шекарасын кесіп өткен алғашқы басшы болғанын мақтан ететінін атап өтті.

«Біздің кездесуіміздің өзі тарихи сәт…», – деді америкалық лидер Ким Чен Ынге кездесу басында. «Біз дамытып отырған қарым-қатынас көптеген адамдар үшін үлкен маңызға ие деп ойлаймын. Және бұл мен үшін үлкен абырой», – деп қосты Трамп.

Д.Трамп Солтүстік Кореяға табан тіреген АҚШ-тың алғашқы Президенті екенін тілге тиек еткен Ким Чен Ын: «Бұл, оның барлық түнеріңкі өткен шақтан арылып, жаңа келешекті ашуға дайындығын көрсетеді», – деді.

Аздаған уақыттан соң олардың жанына Оңтүстік Кореяның басшысы Мун Чжэ Ин келді. Үш президент келіссөздер өткізу үшін «Еркіндік үйі» ғимаратына бет алды. Ким Чен Ын мен Дональд Трамп екіжақты кездесуді жабық есік жағдайында өткізді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.