Шатыры ең үлкен әуежайдың құрылысы аяқталды

0

Қытай елінің астанасы Пекинде Дасин әуежайының құрылысы аяқталды. Бұл туралы баспасөз өкілдеріне қала басшылығы хабарлаған.

Әуежай қала орталығынан 46 шақырым қашықтықта орналасқан. 1 миллион квадрат метр аумақты алып жатыр. Әлемдегі ең үлкен әрі құрылысы күрделі жобалардың бірі саналады.

Әуежай құрылысына 400 миллиард юань (60 миллиард доллар шамасында) жұмсалған. ҚХР 70 жылдығы мерекесіне орай 30 қыркүйек күні пайдалануға берілмек.

Жаңа әуежайды салудағы басты мақсат – Шоуду әуежайының жұмысын жеңілдету болған. Екі әуежайдың арақашықтығы 67 шақырымды құрайды.

Дасин әуежайының құрылысы 2016 жылдың 15 наурызында басталған. Төрт ұшу жолағы бар. Бір жыл ішінде 620 мың рейс қабылдауға дайын.

Әуежайдың шатыры ерекше үлгіде жасалған. Үлкендігі 25 футбол алаңына тең. Бұл – әлемдегі шатыры ең үлкен әуежай. Әуежай дизайнын танымал архитектор әрі дизайнер Заха Хадид жасап шыққан.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.