Сауд Арабиясының әуежайына шабуыл жасалды

0

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Атыс-шабыс салдарынан бір адам көз жұмды. Шамамен 20 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш әйел мен екі бала бар.

Оқиғадан кейін, әуе қозғалысы 1 сағатқа тоқтап қалды. Хуситтердің бұл әрекетін Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр мен Кувейт билігі қатаң сынға алып отыр.

Еске салайық, аймақтағы жауласқан тараптардың ұрысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.