Жамбыл облысында адамның суға кетуі жиілеп кетті 

0

Мәселен, өңірде жыл басынан бері 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болған, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал оның жетеуі бала. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың дені азаматтардың өздерінің салғырттығынан болуда. Көбі шомылуға тиым салынған, қауіпсіздік шаралары сақталмаған жерде суға түседі. Сондай-ақ демалыс орындарында ішімдік ішудің де соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Соңғы бірнеше аптада тек Тараздың өзінде екі адам судан ажал құшты. Қазір жағажайларда 77 құтқарушы кезекшілік жасайды. Облыста 3 жағажай болса, оның тек екеуінде ғана шомылуға рұқсат берілген. Келеңсіз жайттарды алдын алу үшін мамандар өзен-көлдерде 300-ден астам рейдтік шара ұйымдастырды.

Облыстық тжд басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев былай дейді:  «Қазіргі таңда 313 рейдтік шаралар атқарылды, жүргізілді. Бұл рейд барысында шомылушыларға, шомылудағы ережелерді сақтау бойынша кеңестер берілді. Сонымен шомылу қауіпсіздігін сақтамау және де ішімдік ішкен тұлғалар анықталып алты тұлғаға 63 мың теңге айыппұл салынды. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп».

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.