Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Шымкентте және Қызылордада заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Сегіз Калашников автоматы мен екі тапаншаны алу дерегінің құжаталған. Қару тәркіленді.
© knb.gov.kz
2019 жылы 18-19 шілдеде Алматы мен Шымкентте қылмыстық топ мүшелерін құрықтау бойынша арнайы операция жүргізілді. Олардың кейбіреулері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар болып табылады және «ұрылар қауымдастығының» өкілдерімен тұрақты байланыста болады», — делінген ҰҚК хабарламасында.
Фото:knb.gov.kz
Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде қаруды қолдан құрастыруға және қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған.
«Арнайы операция барысында Қазақстан аумағына қару сатумен айналысқан ірі желісі жойылды. Ұсталған адамдар бұрындары сатқан қаруды заңсыз айналымнан алу шаралары жүргізіліп жатыр», — делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
© knb.gov.kz