Жамбыл облысында балалар арасындағы суицид 3 есе көбейген

0

Облыста жасөспірімдер қылмысы – 25,7%, балаларға қатысты қылмыстар – 29,1%, ал суицид – 3 есеге көбейді, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бүгін өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды.

Облыста кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 12 облыстық, қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып, 1759 түрлі алдын алу іс-шарасы өткізілді. Алайда, бір де біреуінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ.

Әлсіз профилактиканың екінші себебі – ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған.

Үшінші себеп – жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі.

Сондықтан, Үйлестіру кеңесінің отырысында аталмыш үрдісті жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Біріншіден, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және әлеуметтік оңалту жұмысын күшейту. Екіншіден, мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмыс форматын қайта қарау. Сондай-ақ, мектеп психологтары мен инспекторларының жұмысы үшін мектептердің оқу жоспарына жеке уақытты енгізіп, есепте тұрған балалар жеке топтарға бөлінеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.