0

2019 жылдың 24 шілдесінде Жамбыл облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Аталған мәжілісте Жамбыл облысы полиция департаменті және оның құрылымдық бөлімдері қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және оның қорытындысы бойынша берілген ұсыныстардың орындалу барысы қарастырылды.

Мәжілісте полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін орындау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында, бейнежетондармен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі қарастырылды.

Мәселен, сауалнамаға қатысқан 130 жергілікті полиция инспекторларының 19-ы (15%) және 42 Учаскелік полиция инспекторларының 27 (64%-ы) қызмет атқару барысында заң бұзу фактілері орын алатынын, басшылық тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі тап болатынын, басшылық құрамы пара алатындығын көрсеткен.

Осы мәжілісіте талдау және сауалнамада көтерліген мәселелерді ескере отырып Полиция департаментінің қызметін одан әрі жақсарта түсу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында қосымша 5 ұсыныс  берілді:

  • облыста жиі орын алатын ұсақ құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту;
  • автокөліктерді күтіп ұстау мақсатында полиция департаментіне қосымша қаражат қарастыру;
  • қоғамда Полиция қызметкерлерінің он имиджін қалыптастыруға бағытталған нәтижелі жұмыстар туралы ақпараттарды БАҚ-та жиі жариялау;
  • көші-қон инспекторларын рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде бейнежетонмен қамтамасыз ету;
  • бейнежетон түсірілім ұзақтығын қамтамасыз ету (қосымша қалталы қуат беретін құралмен) және түскен құқықбұзушылық сипатындағы бейне материалдарды тұрақты түрде бақылауды ұйымдастыру.

 

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.