Таразда алғаш рет ретро көліктер көрмесі өтті 

0

Танымдық шараға қатысушылар 20-ғасырда зауыттан шыққан 50 машинаны тамашалады.

Мәселен 1947 жылғы «Фиат» жеңіл көлігі бірден көрермен көзайымына айналды. Үш мыңға тарта адам қатысқан көрмеде көне үлгідегі «Волга» мен «Москвичтер» де сап түзеді. Әр адам қалауы түскен көлік салонына отырып, капотын ашып көруге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылар ретро көрмеде тұратын машина саны жыл санап көбейгеніне қуанышты.«Мұндай шара әкеден мұраға қалған мүлікті көпке таныстырып, әулеттің атын шығарады», – дейді олар.

«Алғашқы көрмеге раритет көліктермен бірге мотоциклдер де қойылды. Әр машина өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Жол талғамайтын жүрдек джиптер де осында. Осы шараны өткізу арқылы Таразда сақталған көне көліктерді көрерменге таныстырғымыз келді. Ендігі шараға жүздеген ретро машинаның қатысары анық», – деді «Тараз» джип-клубының өкіл Евгений Дуюнов.

https://www.instagram.com/tv/B0hjO_fF8fGUNJGWgdT7Mec_MvDpMEy3FuIdrc0/?hl=ru

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.