ҰҚК Алматы мен Павлодарда арнайы операция жүргізді

0

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқдәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4-қызметінің 5-департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды.

Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқдәрі алынды.

Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.