Қазақстанның 100 жаңа есімі – Ғабидуллина Зүлфия

0

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен паралимпиада ойындарының жеңмпазы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Ғабидуллина Зүлфия «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша бейнеролик даярланды, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Ғабидуллина Зүлфия Раухатқызы – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері

1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған.

2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені. Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медалді әкелді.

Спортпен 1990 жылдан бастап шұғылдана бастады. 1991 жылы алғаш рет өткен президент сыйлығына мүгедек арбасымен жарысудан додаға қатысты. Ал 2007 жылдан бастап жүзумен кәсіби түрде айналыса бастады. Зүлфия Габидуллина бірнеше әлемдік рейтингтер бойынша ғаламшардың ең мықты сегіз жүзгіштерінің қатарында.

Қазақстандық спортшы алтын медалді тек әлемдік қана емес, паралимпиялық рекорд — 1:30.07 (әуелгі әлемдік рекорд та оған тиесілі болған — 1:34.86) қойып, жеңіп алды. Бүгінгі күні 156 медаль және 200 грамота мен дипломның иегері болып табылады.

Таяуда Паралимпиада чемпионы тараздықтарға спорт алаңын салып берді. Тараз қаласының 11-мөлтек ауданында жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды. Бұл – паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның шаһар тұрғындарына тартқан сыйы. Мұнда баскетбол, шағын футбол ойнап, әткеншек тебуге болады. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.Жаңа алаңды жасақтау үшін танымал спортшы 4 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсапты.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.