Таразда сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту шаралары қалай жүріп жатыр?

0

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 2019 жылы 2 нысанның құрылысына (1 нысан 2018 жылы өтпелі) бюджеттен 1,7 миллиард теңге (РБ-1,5 миллиард теңге, ОБ-0,177 миллиард теңге) бөлінді, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

Ы.Дүкенұлы көшесіндегі насос бекетінен бастап, Саңырақ батыр мен Тәуке хан көшелерінен бойлап, РК-4 аралықтағы екі су жүйесін қайта құрып, жаңғырту» нысан құрылысы 2017 жылы басталып, қалалық бюджет есебінен 100 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді.

2018 жылы облыс бюджет есебінен 89,0 миллион теңге, 2019 жылға 444,4 миллион теңге (РБ-400,0 миллион теңге,ОБ-44,4 миллион теңге) бөлініп, толығымен игерілді. республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуінен нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылады.

«Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесі бойында су тартқыш салу» нысан құрылысы 05.06.2019 жылы басталды. Бас мердігер «Тараз строй-2004» ЖШС. 2019 жылға 1 330,7 миллион теңге бөлінді (РБ-1 197,6 миллион теңге, ОБ-133,1 миллион теңге). 01.08.2019 жылға қарастырылған 708,2 миллион теңгенің 707 миллион теңгесі игерілді.

Бүгінгі таңда жобаға сәйкес су тартқыштың 10,7 шақырымының 7,7 шақырымы салынды. Ал, асфальтті қайта қалпына келтіру бойынша 4 шақырым төселді. Келісім шартқа сәйкес нысан 2020 жылға өтпелі. Алайда, құрылыс жұмыстары өндірістік кестесінен алда болуына, құрылыс жұмыстары а.жылы қараша айында аяқталуы жоспарлануда.

Жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілетін жылдардан басқа, жылда Тараз қаласының тұрғындарын ыстық сумен жабдықтау жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жалғасады.

Мәселен, 2017 жылы «Таразтрансэнерго» МКК-ның жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ыстық су 26 мамырдан 4 қыркүйекке дейін берілді. 2018 жылы 30 сәуірден 16 маусым аралығында берлді. «Темір Жол-Жылу» және «Жамбыл-Жылу» кәсіпорындарымен ыстық сумен жабдықтау «Қаратау», «Қарасу», «Қарасу» алқабы, «Сахарный поселок» ықшам аудандарында және темір жол вокзалы ауданындағы үйлерде профилактикалық жұмыстардан кейін 30 сәуірден 29 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Тасымалдаушы кәсіпорынның негізігі міндеті тексеру жүргізу, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, авариялық-қалпына келтіру арқылы жылу энергиясын таратушы жүйенің (жылу желілерін) жұмысын жақсарту болып табылады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.