Таразда жарықтандыруға 2 миллиардтан аса теңге бөлінген

0

Қаланың сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстары мердігер «Тараз-Жарық» ЖШС-гімен атқарылуда, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Келісім-шарт құны – 78,267 миллион теңге.

11.12.2018 жылы мердігер «Қазақстан электро» ЖШС-гімен жасалып, С.Сейфуллин, Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов, Шостакович көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілері қайта жаңғыртудан өтті. Жұмыс құны – 65,968 миллион теңге (оның ішінде: 2019 жылғы жұмыстарға бөлінген қаржы – 20,154 миллион теңге).

Жоба бойынша 4 көшеде 261 темірбетонды бағана, 15,3 шақырым СИП сымдары алынып, 191 монолитті темір бағана, 191 жарықдиодты шам, 7 жарықты басқару шкафы орнатылды, 15,7 шақырым жерасты кабель желілері жүргізілді.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша 2018 жылы Тараз қаласының 2 даңғылы мен  31 көшесінің сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттары дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы 33 жобаның 4-уі (Т.Рысқұлов, Қ.Тұрысов, Сейфуллин, Шостакович көшелері) іске асырылып, қалған  29 жоба құжаттары дайын.

Жұмыстың жалпы сомасы – 2 378 718,528 мың теңге, оның ішінде: сыртқы жарықтандыру желілеріне – 971 910,501 мың теңге, жеке тұрғын үйлерге электр желілерін жүргізуге – 1 406 808,027 мың теңге.

Жоба бойынша жалпы 2989 дана темірбетонды, ағаш бағананы бөлшектеу, 2455 дана темір қырлы бағана, 2591 дана жарықдиодты шам орнату және 291,3 шақырым жерасты кабель желілерін жүргізу жоспарланған. (42-47 слайд)

«Smart City» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Тараз қаласы көшелерінің барлық сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту жұмыстары жоспарланды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде мердігер «Altacom Asia» ЖШС болып айқындалды. Қазіргі таңда аталған жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Былтыр Таразда ұзындығы 5 шақырымды құрайтын көше бойына 205 бағана мен жарықшам орнатылған. Көше шамдары толық жаңартылса, электр энергиясы екі есе үнемделеді. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 70 миллион теңге бөлініп, Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралық жөнделді. 1985 жылғы ескі бағаналар жаңасына ауыстырылып, электр сымдары жер асты арқылы жүргізілді. Арақашықтығы 50 метрды құрайтын бағаналардағы жарықтың сәулесі 25 метрге дейін жетеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.