Таразда құрылыс сапасы мамандармен қатаң қадағалануда

0

Биыл Тараз қаласының 78 шақырымдық 148 көше (бұрылыстар тұйықтарымен қоса) жолы орташа жөндеумен қамтылмақ. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті. «Шалғай Қарасуда» ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 сантиметр болатын асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін № 21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Құрылыс сапасы мамандармен қатаң қадағалануда, – деп хабарлайды Тarazy.kz.

Айта кету керек биылғы жылы қалада орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптары. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларын ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

Сол сияқты «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй массивінің 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне 260 млн теңгеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды «Айя сервис» ЖШС-гі жүргізуде. Бүгінде мұнда шағал тастардың бірінші қабаты салынуда. Алдағы уақытта техникалық талаптарға сәйкес екінші қабаты жүргізілетін болады. Нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болғанмен, мердігер компания жұмыстарды кестеден бұрын, жыл соңына дейін тапсыруды көздеп отыр.

Осыған дейін, қоғам белсенділері, жолдың сапасыздығына жауапсыз мердігерлер кінәлі екенін айтқан еді. Көбі жобаларын аяқ асты қалдырып жатады. Ал атқарылған жұмысты қадағалап жатқан ешкім жоқ.  Жанна Папина, қала тұрғыны: «Біз қоғам белсенділері Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге ат салыстық. 268 миллион теңге бөлінген еді. Алайда көптеген шұңқырлар, жүргізушілерге қауіп туғызып тұрды. Сондықтан өз жұмысын сапасыз атқарған мердігерді сотқа бердік».

Шаһардағы «Тайвань» ауданындағы жолдардың жөндеу көрмегеніне бірнеше жыл болған.

«Көлік түгілі аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал діттеген жерге жетудің өзі мұң», — дейді тұрғындар.

Қазір қалада жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Салдарынан жүргізушілер айналма жолмен және жеке секторлармен қатынауға мәжбүр. Бұл жұмыстар осымен екінші жыл қатарынан жалғасып отыр. Кей учаскелер биыл қайта қазылып жатыр. Жауаптылардың айтуы бойынша, барлығын бірден аяқтап тастауға қаржы жетіспейді. Жалпы жыл басынан бері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тұрғындардан 107 өтініш түскен. Оның 70-тен астамы шахардағы көшелерге қатысты. Ал әкімдіктегілер 1800 шақырымның тек 75-і жөнделетіндігін айтып отыр. Өйткені қаржы қарастырылмаған. Ал қаладағы жолдардың 60 пайызы әбден ескірген.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.