Жамбыл облысының бас қаласы Тараз қаласындағы М-2 және М-4 магистральдық жылу желілерін ауыстыру жобалары жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz.
2019 жылы Тараз қаласында тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 жобаға 7,6 миллиард теңге сомасына ұзындығы 9,3 шақырым магистралды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Олар: — М-2 жылу магистралін реконструкциялау жобасына бөлінген 4 181,0 миллион теңгеге жаңартылатын желілердің ұзындығы – 5,169 шақырым құрайды. Жобаның бас мердігері «Корпорация Жилстрй Тараз» ЖШС. Игерілген қаражат 2046,7 миллион тенге немесе 49 пайыз.
Бүгінге қазба жұмыстарының орындалуы – 4,9 шақырым немесе 96 пайыз, құбырларды демонтаждау – 4,7 шақырым немесе 91 пайыз, латоктарды монтаждау 3,6 шақырым немесе 70 пайыз, жалпы монтаждау жұмыстарының көлемі – 58 пайызды құрады. Қажетті жабдықтармен – 67,3 пайыз қамтылған.
Құрылыс монтаждау жұмыстарын биыл 1–сәуірінде басталып, 1-қазанында аяқтау бекітілген. М-4 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасына 3 416,9 миллион теңге бөлінді, жаңартылған желілердің ұзындығы — 4,138 шақырым. Жобаның бас мердігері «Techno Construction Company» ЖШС. Игерілген қаражат 2 282,4 миллион тенге немесе 67 пайыз.
Қазіргі таңда қазба жұмыстарының орындалуы – 3,9 шақырым немесе 94 пайыз, құбырларды демонтаждау – 3,9 шақырым немесе 91 пайыз, латоктарды монтаждау жұмыстары 83 пайыз, жалпы құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемі – 82 пайызды құрады. Қажетті жабдықтармен – 87,1 пайыз қамтылған. Құрылыс монтаждау жұмыстары 01.04–01.09.2019 ж. аралығына жұмыс жүргізу кестесі бекітілген. (31-36 слайд)
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап Жамбыл даңғылындағы және Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлерден басқа барлық тұрғын үйлерге ыстық су берілетін болады. Бүгінге аталған жобалар бойынша жалпы 4,3 миллиард теңгесі немесе 58 пайыз игеріліп, жұмыстардың 75 пайыз орындалған.Жалпы аталған жобалар бойынша жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Айта кетерлігі, алдағы уақытта Жамбыл өңіріндегі 437 қазандықтың 11-не жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің қысқа әзірлігі пысықталмақ. Облыс орталығындағы 240 шақырым жылу құбырларының 25 шақырымға жуығы қайта жаңғыртудан өткізілмек. Оған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша биыл 7 миллиардтан астам қаражат бөлінген. Осының арқасында тозған жылу жүйелерінің деңгейін 60 процентке дейін төмендету көзделіп отыр.