Жамбылда мүмкіндігі шектеулі 545 азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда

0

Биыл Жамбыл облысында 545 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы айтты, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Бүгінде облыс бойынша 45 326 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар – 4164, 2-ші топтағылар – 18535, 3 топтағылар – 16342 адам. Оның ішінде 6285-і 18 жасқа толмағандар. Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1 миллион теңге қаржы бөлінген.

Әлеуметтік оңалту құралдарға мұқтаж 5655 мүгедекті тиісті бұйымдармен (сурдо-720, тифло-880, кресло-қорап-617, емдеу-сауықтыру-2138 және протез-ортопедия – 1300) қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Бұдан басқа Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 1229,2 миллион теңгеге 8317 мүгедек әлеуметтік көмекпен қамтылуда(гигиеналық құралдар, ымдау тілінің маманы мен жеке көмекшінің қызметі, арнаулы әлеуметтік қызмет). 5 медициналық-әлеуметтік мекемеде толық мемлекет қамқорлығындағы 1127 адам 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Ал, жартылай стационарлық жағдайда мүгедектерді және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталықтарында 217 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік жоба арқылы ұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 282,8 миллион теңге бөлініп, 1323 мүгедекке жартылай стационар мен үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс көлемінде 2301 психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедекке арнайы инватакси қызметі көрсетілуде7

Биыл облыс көлемінде 115 инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарланған екен. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 18,1 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұл ретте бүгінгі күнге тиісті бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Биыл соған сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары дайындалып, 545 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Басқарма басшысы Тимур Бидайбекұлы «Е-Халық» ақпараттық жүйесі бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға тиісінше мән беріліп, бұл ретте Жамбыл облысы бойынша жеке тұлғаның мемлекеттік деректер қорында 1,19 миллион адам тіркеуде тұрған болса, солардың арасынан 1-ші шілдеге дейінгі аралықта «Е-халық» ақпараттық жүйеге енгізілген 349 655 отбасының 1 195 178 адам, яғни 100 пайызды құрап, мерзімінде аяқталғанын алға тартты.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.