Тараздық ЖОО-лар оқу ақысын өзгертпейді

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі ЖОО-ның 2019-2020 жылдарға арналған оқу ақысы мен білім гранттары төңірегінде баспасөз-конференциясы болып өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Іс-шараға М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков және Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы аталған тақырып аясында баяндама жасап, журналисттер сұрағына жауап берді.

«Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына 53785 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 191 грантқа артық. 2019-2020 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 13484 мемлекеттік білім гранты бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 980 грантқа артық. 2019-2020 оқу жылына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес 2312 мемлекеттік білім гранты бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 72 грантқа артық.

Сонымен қатар, көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үшін қосымша 5000 грант бөлінген. Олардың 460 гранты Жамбыл облысына беріліп отыр. Жергілікті атқарушы органдар облыстың қажеттілігіне байланысты гранттарды білім беру бағдарламаларына бөледі және бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялайды»-деп хабарлады ТарМУ ректоры Махметқали Нұрғалиұлы.

Ал ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы сөзінше, қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы «Білім және ғылым министрлігі жоғарғы оқу орындарының ақысын 20 пайызға көтеруді тапсырды» деген жалған ақпарат жан-жаққа тарап кеткені баршамызға мәлім. Оны бірер күн бұрын барлық отандық арналарда  Білім және ғылым министрінің БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан теріске шығарып, ақпараттың негізсіз екенін мәлімдеді. Өз сөзінде  ведомство өкілі қазір елімізде 131 жоғарғы оқу орны барын, олардың көбі жекеменшік екенін айтқан, олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейтінін, министрлік нарық заңдылығына араласа алмайтынын да мәлімдеді.

Ол, сондай-ақ, студент пен университет арасындағы келісім нормаларына сәйкес кейбір білім мекемелері оқу ақысын шамамен 4-8 пайызға арттырғанын, ал кей білім ошақтары оқу ақысын керісінше 7 пайызға түсіргенін де хабарлады. Осы орайда Тараз Мемлекеттік педагогикалық университеті де оқу ақысын алдыңғы жылдың деңгейінде қалдырғанын ескертемін. Биыл «Ұстаз» университеті бакалавриат бойынша 24 білім бағадарламасы аясында талапкерлерді оқуға қабылдайды. Магистратура бойынша 13, доктарантура бойынша 9 білім бағдарламалары қарастырылып отыр. Біз қазіргі таңда стратегиялық міндет қойып отырмыз – жастарымыз үшін білім қолжетімділігі мәселесі, осыған байланысты Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінде оқу бағасы мен құнын тұрақты сақтауға барынша жұмыстар атқарылады деп атап өтті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.