Таразда тоғыз жасар қызға азғындық әрекет жасаған ер адам ұсталды

0

24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде орналасқан көп қабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйде 9 жастағы қызға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Facebook желісіндегі «Тараз. Открытый Диалог» тобына сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша Тараз қаласының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (жас балаға азғындық әрекет жасау).
Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады. Ол үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ «педофил» санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.