Қарақұйрық атқандар құрықталды

0

Жамбылдық полицейлер Қызыл кітапқа енгізілген жануар – қарақұйрықтарды атқан браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Бұл жайында Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев фейсбуктегі парақшасында: «Қазанның 6-сы күні түнде Байзақ ауданының төрт тұрғыны «Нартай» құмды алқабында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрі – қарақұйрықтарды заңсыз атқан.

Браконьерлердің «Тойота» маркалы автокөлігінен полиция қызметкерлері жануарлардың тушаларын тапты. Екі қарақұйрық – тіркелген қос ұңғылы аңшы мылтығынан өлтірілген. Аңшылардың аң аулауға рұқсат етілген құжаттары болмаған»,- деп жазды.

Аталған дерекке қатысты Байзақ аудандық полиция бөлімімен Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-бөлімі бойынша (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолдана отырып заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдіктілер ұсталып, аңшы мылтығы тәркіленді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.