Таразда сегіз айда мемлекеттік бюджетке 30 миллиард теңге салық түскен

0

2019 жылдың қаңтар – тамыз  айларында инфляция деңгейі 3,0 пайызды құрады (оның ішінде: азық–түлік тауарлары – 6,0 пайызға, азық–түлік емес тауарлар – 2,7 пайызға өссе,  ақылы қызметтер тарифі – 0,6 пайызға төмендеген), – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының 33 көрсеткішіне сәйкес, қалада әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының бағалары өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда орта есеппен 23 көрсеткіш бойынша 5,8 пайызға төмендеп, 4 көрсеткіш 11,2 пайызға өскен (ол: нан 1–ші сұрыпты, сиыр еті, қой еті, пияз және сәбіз). Ал қалған 6 көрсеткіш сол деңгейде қалып отыр.         

2019 жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 30 миллиард 204,6 миллион теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 113,0 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке  9 миллиард 18,3 миллион теңге немесе 111,2 пайыз, жергілікті бюджетке – 21 миллиард 186,3 миллион теңге немесе 113,8 пайыз. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық бюджетке – 10 миллиард 179,5 миллион теңгеге немесе 108,7 пайызға, ал қалалық бюджетке 11 миллиард 6,8 миллион теңгеге немесе 119,0 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша жыл басында бекітілген жоспармен салыстырғанда 106,2 пайызға жеткізу межесі белгіленген. Жалпы 2019 жылға бекітілген жоспар 9 миллиард 733,0 миллион теңгені құрайды.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 99,4 пайызды құрады, төлемдер жоспары 49 миллиард 150,3 миллион теңге болса, игерілуі 48 миллиард 841,6 миллион теңге, немесе игерілмеу – 308,7 миллион теңгені құрады. (2018 жылы – 1 707,2 миллион теңге игерілмеген немесе 95,5 пайызды құраған).

Игерілмеген қаражаттар бюджеттік бағдарлама әкімшілері кескінінде төмендегі мәліметтермен сипатталады:

Қалалық құрылыс бөлімі бойынша 240,6 миллион теңге игерілмеу қалыптасқан. Оның ішінде: 87,6 миллион теңге РБ–тен Арай массивінің 14 га орамішілік автомобиль жолдарының, тротуарлардың, сыртқы жарықтандырудың, арық желілерінің құрылысы және тұрғын үй кешенін абаттандыру бойынша үнемделген қаражат; 121,8 миллион теңге ОБ–тен Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу. №2 жер телімі, 2 белгі (мердігер ЖХСИ) бойынша мердігер тарапынан атқарылған жұмыстар актісі (Ф2) ұсынылмаған; 21,2 миллион теңге РБ–тен Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу бағдарламасы бойынша өтінім берушілердің тіркеу кезінде жеке тұлға емес жеке кәсіпкер болып шығуына байланысты қалыптасқан.

Қалған 15 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен – 63,4 миллион теңге  нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты игерілмеу қалыптасқан.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.