Тараз әкімі жастармен кездесті

0

2019 жылы Жастар жылы деп белгілеген болатын. Осыған орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде қала әкімі Қайрат Досаевтың жастармен бейресми кездесуі өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Кездесуге аталған колледждің білімгерлері қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде қала басшысы Қайрат Әскербекұлы Досаев мемлекет тарапынан жастардың игілігі үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға тоқталып өтті.

Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану,жастар игіліктері пайдалануға берілген спорт, мәдениет нысандары мен аула клубтары, коворкинг орталықтарының жұмыстарына тоқталды.

Қайрат Әскербекұлы жастардың жеке пікірі мен ойын тыңдап, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы, жастардың жаһандану заманындағы көзқарастарын, жобаларын тыңдап, басқа осы секілді мәселелер төңірегінде өзіндік ақыл кеңестерімен бөлісті. Жастар өздерінің көкейлеріндегі толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында жастар қала басшысына ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін алғыстарын айтып, ерекше әсер алғандарын білдірді.

Жастардың бос уақытын өткізу нысандары желісін ұлғайту басты назарда.

Бүгінде қалада жалпы 515 спорт, 25 мәдениет нысандары, 4 аула клубтары және 6 коворкинг орталықтары жастар игілігіне берілген.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қыркүйек айының аяғында Ш.Шолохов атындағы кітапханасында 1 коворкинг білім орталығы ашылу жоспарлануда.

2016 жылы №1 аумақтық округке қарасты «Астана» (12) ықшам ауданы №30 «А» үйде орналасқан «Азимут» аула клубының жертөлесіндегі құбырларының жарылуына байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. 2019 жылы аталған аула клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың соңына дейін аталған аула клуб пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың қазан айында «Құмшағал» шағын ауданы, А.Байтұрсынов көшесі №1 үйден (жалпы алаңы 26 шаршы метрді құрайтын) және жыл соңына дейін «Бәйтерек» (13) ықшам ауданы, №8 үйдегі (жалпы алаңы 87,3 шаршы метрді

құрайтын) бос тұрған ғимараттан балаларға арналған аула клубтарын ашу жоспарланып, ақау (дефектный) актісі әзірленуде.

«Жастар аллеясы», «Жеңіс» саябағы толық жаңарды. Сонымен қатар, Көне Тараз қалашығы жаңа сипатқа ие болып келеді.

Мемлекетімізге ең бірінші дені сау азаматтар қажет.

Дені сау ұрпақ – ел болашағы.

Бұл – күнделікті спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден арылу. Өзге салалар сынды ел спорты да осы үлкен даму жолынан өтті. Спортшыларымыз халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты, ұлт мәртебесін көтерді.

Елімізде жүздеген спорт нысандары салынды.

Бұқаралық спортпен айналысушылар қатары артты.

Бүгінгі күні қала бойынша спорт нысандары тұрғындарға қолжетімді.

Қазіргі таңда жалпы қала тұрғындарының саны 357 882 адамды құраса, оның 106 154 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Яғни спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 30 пайызды құрайды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.