Close Menu
    Оқылып жатыр

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 24 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

      24/11/2026

      Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

      24/11/2026

      Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

      24/11/2026

      Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

      23/11/2026

      Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

      23/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    Жаңалықтар 24/11/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Антрополог, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Оразақ Смағұл 96 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов жеткізді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    «Бүгін халқының патриоты, қазақ ғылымының абызы, отандық антропология мектебінің негізін қалаушы әлемдік дәрежедегі ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Оразақ Смағұлұлы 96 жасында дүниеден өтті. Аштық қасіретінен 3 жасында анасынан айырылған Оразақ ағамыздың өмірі түрлі сынақтарға толы болды. Көрнекті ғалым 1930 жылы 1 қазанда Қостанай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан Меңдіқара ауданының Ұялысай ауылында дүниеге келген», — деді ол.

    Ғалым 1958 жылы академик Қ.И. Сәтбаевтың қолдауымен КСРО Ғылым академиясының Этнология және антропология институтының аспирантурасына оқуға түскен. Ол әлемге әйгілі антропологтар Гинзбург, Дебец, Герасимов, Алексеев сынды атақты ғалымдардың көзін көрген.

    1965 жылы «Қазақтың кескін-келбетінің қалыптасуы көне және қазіргі бас сүйектері бойынша» деген тақырыпта антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1970 жылы жарық көрген «Население Казахстана от эпохи бронзы до современности» атты кітабында бұдан 4 мың жыл бұрын қазақ жерін мекендеген тайпалар мен қазіргі қазақтардың қаңқа сүйектерін салыстырып, олардың антропологиялық байланыстарын зерттеп шықты.

    1977 жылы «Этническая геногеография Казахстана» атты көлемді еңбегі жарық көрді.

    Антрополог 36 экспедициялық және даладағы зерттеуге қатысып, 200-ден аса ғылыми еңбек жазды.

    «Өмірінің соңына дейін ағамыз қазіргі уақытта әзірленіп жатқан жеті томдық «Қазақстан тарихы» басылымының авторларының бірі әрі бас редакциялық алқа мүшесі ретінде іргелі еңбек дайындалуына белсене атсалысты. Қазақ халқының антропологиялық қалыптасуы мен этногенезіне қатысты бөлімдерін жазып, академиялық еңбек сапалы дарлануына елеулі үлес қосты. Қазақ ғылымы орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Көрнекті ғалымның қазақ халқының төрт мың жылдық биологиялық және әлеуметтік тарихын ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге бағытталған іргелі зерттеулері ұлттық ғылымның алтын қорына енді», — деп жазды ол.

    антрополог ғалым Оразақ Смағұл

    Оқылып жатыр

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

    23/11/2026

    Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

    23/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026

    Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

    23/11/2026

    Жемқорлықпен сотталған Кәрім Көкірекбаев мерзімінен бұрын босатылмайтын болды

    23/11/2026

    Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

    23/11/2026

    Қазақстанда 400 дроппер түрмеде отыр

    23/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.