Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

    27.01.2026

    Бензин бағасы мораторийге қарамастан өсті

    27.01.2026

    Желіде 17 жыл құлдықта болған Құндыздың аяқ-қолы байлаулы жатқан суреті тарады

    27.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 27 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

      27.01.2026

      Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

      27.01.2026

      Серік Сәпиев төбелестің артында «жасырын ықпал» барын айтты

      26.01.2026

      «4,5 млрд теңге залал»: ҰҚК медицина саласындағы ірі заңбұзушылықты әшкереледі

      26.01.2026

      Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге және қалай беріледі?

      26.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026

      Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

      21.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Көпбалалы ана: Болашақта балаларымның жоғары білім алуына көп алаңдамаймын

    Көпбалалы ана: Болашақта балаларымның жоғары білім алуына көп алаңдамаймын

    Өңір тынысы 10.10.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Көпбалалы аналардың мәселесі күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелердің біріне айналған. АӘК пен ай сайынғы жәрдемақылар, баспанаға қол жеткізу бағытында әзірленген төмен пайызды несиелер, барлығы да Үкімет тарапынан ақжаулықты аналардың игілігі үшін жолға қойылып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Осындай қолдауға ие болып отырғандардың қатарында жеті баланың анасы Ардақ Жантаеваның жанұясы бар. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да аға оқытушы болып жұмыс істейтін Ардақ Мықтыбекқызының шаңырағы биыл «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынап, жеңімпаз атанған. Бүгінде 6 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерінің тұңғышы Дана Абдықұл 18 жаста. Ол Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжін тәмамдап, бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ортасында көшбасшылық қырларымен танылып жүр. Дананың өзге бауырлары да ата-ана абыройын асқақтататын, болашағынан зор үміт күттіретін азаматтар болып өсіп келеді. Ал Ардақ Жантаеваның жұбайы Ғалымжан Қалымбетов бүгінде жеке меншік фирмада қызмет етіп, балаларының болашағы үшін тер төгуде. Ардақ Мықтыбекқызының айтуынша, ел ырысын арттырып отырған көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің көлемі ауқымды. Атап айтқанда, мектепте оқитын балалары тегін тамақ ішеді, түрлі лагерьлерге жолдаманы жеңілдікпен алады.

    «Мемлекеттен әр балаға ай сайын 21 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек аламын. Талап бойынша жұмыспен қамту орталығы жанұямыздың жан басына шаққандағы кіріс көлемін есептеп, осындай қолдауға лайық деп тапты. Табыс көзінің төмен болуына байланысты ұсынылған бұл көмек біздің тұрмыстық жағдайымызға оң әсерін тигізіп отыр. Балаларым мектепте ыстық тамақты тегін ішеді. Үйірмелерге де тегін бару қарастырылған. Мектепте жаңа оқу жылы басталған тұста тегін киіммен қамтамасыз ету жайы да жолға қойылыпты. Оқу жабдықтарын да тегін алдық», – дейді «Алтын алқа» иегері.

    26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетілгені белгілі болған еді. Міне, осындай жеңілдікке ие болғандардың қатарында Ардақ Жантаева да бар.

    «Қалауын тапса қар жанатынын» жанұямызбен жадымызға түйіп өстік. Әсілінде, әрекет еткен адамға ырыс-несібе өзі келеді. Баспаналы болуды арман еткен отбасылар үшін төмен пайызбен несиелер беріліп жатыр. Ал кәсіп жасап, нәсіп табамын дегендер үшін арнайы оқыту курстарын, «Даму» қоры мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы түрлі гранттарды ұсынып келеді. Зерделеп қарасақ, айналамызда еңсемізді тіктеп, әлеуметтік тұрмыс жағдайымызды түзеу үшін мүмкіндіктер жетіп артылады. Болашақта балаларымның жоғары білім алуына да көп алаңдамаймын. Баршамыз биыл көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5000 оқу гранты бөлінгеніне куә болып, ризашылық білдірдік. Еліміздегі әр шаңырақтың иесі өз баласының келешегіне ең бірінші кезекте мемлекет емес, ата-ананың өзі жауапты екенін түсініп, қабылдап, әрекет етуі тиіс», – дейді Ардақ Жантаева.

    Бала – болашағымыз. Оның ертеңінің жарқын болуын ең бірінші кезекте ана мен әке қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте мемлекет ұсынып отырған көмектің де көлемді екенін жасыра алмаймыз. Еңбек ет, кәсіп қыл, сүйікті ісіңмен айналыс. Ақиқатында, барлық қордаланған мәселелердің шешімі – осы. Осыны дүйім ел ұқса тек.

    ЖОО көпбалалы аналар

    Оқылып жатыр

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    26.01.2026

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026

    Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

    24.01.2026

    Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    22.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

    27.01.2026

    Бензин бағасы мораторийге қарамастан өсті

    27.01.2026

    Желіде 17 жыл құлдықта болған Құндыздың аяқ-қолы байлаулы жатқан суреті тарады

    27.01.2026

    Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

    27.01.2026

    Қарашығанақ ісі: халықаралық алпауыттар Қазақстанға миллиардтаған доллар қайтаруы мүмкін

    27.01.2026

    Жамбыл облысындағы жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    27.01.2026

    Филиппинде 350-ден аса жолаушысы бар паром суға батты

    26.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.