Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қарағанды облысында зияткерлік клубтарға 10 миллион теңге бөлу жоспарланған

    Қарағанды облысында зияткерлік клубтарға 10 миллион теңге бөлу жоспарланған

    Ел іші 22.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қарағандылық жоғары оқу орындарының базасында зияткерлік клубтар және бірыңғай жас ғалымдар Кеңесі құрылады.Осы жобаға он миллион теңге бөлу жоспарланған.

    Меморандумға Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды медицина университеті, «Болашақ» академиясы және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті секілді алты оқу орны қол қойды.

    Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook желісіндегі парақшасында осы шара туралы жазды. Оның айтуынша, жас ғалымдар IT-технологиялар және робототехника, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-техникалық үш бағыт бойынша айналысатын болады. 

    Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, клубтар шамамен 120 студентті қамтиды.

    «Жас ғалымдарды қолдау мақсатында келесі жылдан бастап облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен 10 миллион тенгеге жуык каражат бөлініп отыр. Бүгінгі күннің өзінде қарағандылық жастардың жетістіктері халықаралық хакатон, мейкатондарда, IT жарыстарда жүлделі орындарды алуда. Оның ішінде қарағандылық жас ғалым, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті Казанцева Екатерина халыралаық IT турнирді бірінші орынды иемденді», — деді Нұржан Жетпісбаев.

    Меморандумға қол қоюдың бастамашысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма болды. Жобаның мақсаты – жас және талантты ғалымдарды, студенттерді біріктіру және өңірде ғылымды дамыту болып табылады.

    Зияткерлік клубтар пилоттық режимде үш ЖОО-да ашылады: ҚЭУ, ҚарМУ және ҚарМТУ-де. Онда студенттер IT-технологиялар және робототехника, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-техникалық үш бағыт бойынша айналысады. Клубтарға студенттер және басқа оқу орындары қатыса алады.

    «Бұрын мұндай клубтар болған, бірақ олар жабық үйірмелер болды. Яғни ҚарМУ студенті, мысалы, КЭУ-да айналыса алмады. Қазір барлық студенттер осы клубтарға бара алады, олар бірге жұмыс істей алады. Мысалы, «Болашақ» академиясында «фармацевтика» мамандығы бар, ондай мамандық ҚарМУ-да, медицина университетінде нано-медицина бөлімшесі ашылды. Яғни, осы факультеттердің студенттері қандай да бір жалпы жобамен жұмыс жасап, үздік нәтижелерге қол жеткізе алады», — деп түсіндірді балалар және жастар ҮЕҰ-мен жұмыс бөлімінің басшысы Рауан Таран.

    Клубтағы отырыс екі айда бір рет өткізіледі. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма клубтарды жабдықтауға және талантты студенттердің ғылыми конференцияларға, байқаулар мен семинарларға жол жүруіне бюджет қарастыруда.

    Меморандумға қол қою КЭУ-де өткен жас ғалымдар форумы аясында жүзеге асырылды. Онда Қарағанды жоғары оқу орындары мен ҚР ІІМ Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері сөз сөйледі. Олар әр түрлі тақырыптарға баяндамалар дайындады. Оның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу туралы, ақыл-ой және дене еңбегі қызметкерлерінің психосоматикалық жай-күйінің ерекшеліктері туралы, қазіргі өмір жағдайындағы құқық ерекшеліктері туралы және басқа да мәселелер қозғалды.

    IT Қарағанды облысы соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.