Тегін акция – ҚР СІМ Бурдж-Халифадағы ел туы туралы

0

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында ел туы ақылы түрде боялды деген ақпаратты жоққа шығарды. 

«Кеше Бурдж-Халифа беткейінде Қазақстан туы нақты бір қаражат арқылы шықты деген мәліметтер айтылды. Негізінде бастаманы Дубай әмірліктері ұсынды. Бұл – тегін акция. Мұндай тәжірибе бұрындары да болды, Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары көрсетілді. Сол күні сыртқы бетінде Бахрейннің де туы көрсетілді», – дейді Смадияров. 

«Сыртқы істер министрлігі осы әрекетке қандай да бір қатысы бар (қаражат жұмсады) деушілердің барлығы да жалған. Мен осындай ақпаратты нақтыламай жатып, таратып жатқан блогерлер мен журналистерді ар-ұятты ұмытпауға шақырамын», – деді ол. 

Айта кетейік, 16 желтоқсанда әлемдегі ең биік ғимарат – Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында Қазақстан туы пайда болған еді. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.