Тоқаев жаңа энергетика министрін қабылдады

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.