Жамбыл облысында алдағы үш күндегі ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0

Алдағы үш күнде Жамбыл облысында қатты жел тұрып, қалың қар жауады, боран соғуы мүмкін.

19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 19 желтоқсанда, 20-21 желтоқсанда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асып кетуі ықтимал.

19 желтоқсанда күндіз, 20 желтоқсанда түнде, 21 желтоқсанда таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

19-21 желтоқсанда Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 19 желтоқсанда күндіз, 20-21 желтоқсанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да асып кетеді. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында боран соғатыны ескертілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.