Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. 

«Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз», – делінген мәтінде. 

Тоқаев Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосып жатқанын айтты

«Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз. Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!», – деп қорытындылады Президент.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.