Close Menu
    Оқылып жатыр

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026

      Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

      10/11/2026

      Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

      10/11/2026

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Доллар сатылмайды деген ақпарат жалған» – Валюта айырбастау орындары қауымдастығы

    «Доллар сатылмайды деген ақпарат жалған» – Валюта айырбастау орындары қауымдастығы

    Ел іші 10/03/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Валюта айырбастау орындарында долларды сату тоқтатылды» деген ақпарат шындыққа жатпайды. Қазақстан валюта айырбастау орындары қауымдастығының өкілдері осылай деп мәлімдеді. Кез келген валюта еркін саудаланып жатыр. Ақша жетіспеушілігі туралы мәселе туындаған емес дейді қауымдастық президенті Аршын Ғалымбаев. Бүгін кейбір ақпарат құралдарында ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюталарды сату және сатып алу тоқтады деген ақпараттар тараған болатын.

    Осы қауымдастықтың өкілі Данияр Әбдірахманов Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген сұқбатында «Доллар сатып алуға байланысты дүрбелең болған емес» деп мәлімдеді. Қазақстан валюта айырбастау орындары қауымдастығында жұмыс істейтін маман шетел валютасына деген сұраныстың әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ екенін айтады.

    «Қазір сұраныс туралы айтсақ, ақша өткізетіндер оның құны өсіп қала ма деп күтіп отыр. Ал валютаны сатып алушылар доллардың бағасы төмендеуін күтіп отыр. Сондықтан болса керек, дәл қазір анау айтқандай «ажиотаж» жоқ.  Келушілер 1 мың АҚШ долларын, ары кетсе, 2 мың АҚШ доллары көлемінде ауыстырып әкетіп жатыр. Көп мөлшердегі сомаларды айырбастауға келіп жатқандарды байқамадық»,- дейді ақша айырбасау орнының қызметкері.  

    Суретте: Данияр Әбдірахманов

    Кеше Президенттің төрағалығымен Үкіметте арнайы штаб құрып, жағдайды тұрақтандыру шаралары қолға алынды. Сол сияқты Ұлттық банктен және өзге де құзырлы мекемелер тарапынан валюта сатуды шектеу туралы нұқсаулар түспеген.

    «Қазір бір АҚШ доллары 395  пен 398 теңге аралығында саудаланып жатыр. Мұнай бүгін 36 долларға қайтадан көтерілді. Бір қалыпқа келеді деген үміт жоғалған жоқ. Біздің есептеуімізше, орташа есеппен 13 пайызға доллардың бағасы көтерілді. Бірақ аса үлкен сұраныс болып жатқан жоқ. Біздіңше, тұтынушы жағдайдың соңын күтіп отыр. Тағы да өсіп қала ма деп күтіп отыр, сол себепті қатты сұраныс жоқ. Халық арасында доллар бағамы 400-450 теңге болып қалуы мүмкін деген қауесет бар. Ал доллар алушылар қазіргі бағаны қымбат көріп тұр. 385 теңгеге келеді дегенді күтіп отыр десе де болады», — дейді Данияр Әбдірахманов.

    Осы екі күнде пайда тауып қалғысы келген айырбастау орындары болған. Қауымдастық өкілі дәл қазіргі уақытта тұтынушыға қандай да бір кеңес беруден аулақ. Қауымдастық мамандары алдағы екі-үш күнде доллар бағамы тұрақталады деп үміттенеді.

    Қазақстан қор биржасының күндізгі саудасында 1 АҚШ долларының құны 393 теңге 6 тиынға тұрақтаған. Ресей рублі 5,5 теңге,  ал еуро 438,5 теңге болды.

    валюта доллар жалған ақпарат маман теңге

    Оқылып жатыр

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.