Ухандағы коронавирус жағдайы: Си Цзиньпин тексеріс жүргізді

0

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин бүгін таңертең Ухан қаласына келді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жергілікті билік өкілдерімен коронавирус бойынша күрестің қалай жүргізіліп жатқанын талқылауға келген.

Президент Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де ұшып келген. Сапар барысында Си Цзиньпиннің дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, еріктілермен, қоғамдық қауіпсіздік органдары қызметкерлерімен, науқастармен және жергілікті тұрғындармен кездесетіні айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.