Кітапханашылар Мерейлі Меркіде Шырын ақынның 75 жас мерейтойын тойлады

0

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жаңа жобасын бастады. Осы жобамен мерейлі Меркі ауданында  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, қаламы қуатты, өлеңдері әлі күнге дейін жұрттың ерекше ықыласына бөленіп жүрген Шырын Мамасерікованың 75 жас мерейтойына орай «Жүрек лүпілінен туған өлең» атты әдеби гротеск кешін өткізді.

Кеш  Шырын Мамасерікованың балалық шағым сомдаған қойылыммен басталып, кітапхана қызметкерлерінің ақын өлеңдерін оқыған  әдеби композициясымен жалғасты.

Іс-шарада ақын, журналист, аудармашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы,  Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Күләш Ахметова мен жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлының Шырын апамыздың 75 жас мерейтойына құттықтауы сахнадан видеомен берілді.

Ақынның үзеңгілес құрбылары, қазақтың аяулы ақын қыздары Күләш Ахметова мен Айша Көпжасарованың ақынға арналған жырларын кітапханашылар  оқылды.

Қазақтың поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың Шырын ақынның әдебиеттегі, поэзиядағы орыны туралы өзекті ойлары айтылып, Шырын Мамасерікованың Фаризаға арналған өлеңі оқылды.

Кешті кітапхана директоры Э.Абдинова қорытындылап,  ақынға сый-құрметін көрсетті.

Сонымен бірге, 10 ауданның кітапхана директорлары қатысып, жоба жұмысының жетістіктеріне тоқталды.

Іс-шарада Меркі аудандық мәдениет үйінің әншілері ақын сөзіне жазылған әндерді шырқап,  «Балауса-бөбекжай» балабақшасының бүлдіршіндері ақын өлеңдерін оқыды.

Замана үнін, ұлтының мүддесін өлең жолдарымен өрнектеп келе жатқан қазақтың аяулы ақын қызы Шырын Мамасерікова батасын беріп, көрермендер сахна төріндегі кітапханашыларға ұзақ уақыт қошемет көрсетті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.