Жамбыл облысында онлайн-оқыту үшін аз қамтылған отбасылардың балаларына 11,7 мың компьютер берілді

0

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа форматта  оқыту түрі тек білім беру мекемелерін жоғары деңгейде компьютерлермен қамту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың үй жағдайында да гаджеттерге қол жетімділігін талап етеді.

Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 пайызы оқушылардың қашықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі бар. Олардың қолда бар гаджеттерді үйде пайдалану жағдайы қарастырылған.

Бұл орайда қалған 16 пайыз яғни 37,2 мың оқушы үшін қашықтықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр. Олардың басым бөлігі аз қамтылған азаматтар санатына жатады. Аталған мәселені шешу үшін мектеп балансындағы компьютерлер 11 712 оқушыға уақытша бөлінуде. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мың компьютер сатып алынған.

Сондай-ақ, 17,8 мыңнан астам бала «Балапан», «Ел арна» және «Qazaq radiosy» радиосы арқылы трансляцияланатын сабақтарға қатысуы жоспарланған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.