#Жеңіс үшін рахмет!

0

Халқымыз асылын ардақтап, қариясын құрметтеген, өмірден көргені, көңілге түйгені мол, тыңдай білгенге ақыл-ойы алтын көмбе ардагерлерді әспеттеп, оларға құрмет көрсету-баршамыздың парызымыз. Отан үшін от кешіп, жалынды жастық шағын соғыс өртінде өткізген соғыс ардагерлерінің қатары күн санап азайып барады.

Жамбыл облысы ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының, өңірлік штаб жастарының ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету игі дәстүрге айналды. Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында, ардагерлерге атаулы көмек көрсетуге және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай «#Жеңіс үшін рахмет!» акциясы аясында штаб өкілдері ардагерлердің үйлеріне барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Ардагерлерді құттықтай отырып, жастар қозғалысының төрайымы Турдыева Хамида ардагерлердің ерлігін атап өтті: – «Сіздердің басыңызға түскен қиындықтарды бағалау мүмкін емес, бірақ сіздердің ерліктеріңіз жүрегімізде мәңгі сақталады. Біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін Сіздерге алғыс айтып, басымызды иеміз!»
Жас ұрпақ пен ардагерлердің кездесуі барлығына жағымды көңіл-күй сыйлады. «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысының жастары ардагерлерге алғыс білдіріп, денсаулық, сергектік пен амандық тіледі, сыйлықтар табыстады.

Ардагерлерге деген ілтипат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болып қала бермек. Жылы сөз бен ыстық ықыластың өзі де көңіліне демеу болатын ардагерлер облыстық штаб жастарына алғыстарын жаудырды.

Баршаға белгілі, соғысқа барлығы 1 366 000 қазақстандық қатысты. Солардың ішінде хабар-ошарсыз кеткендер саны 271 503 жауынгер мен офицерлер. Майданға аттанып, жоғалып кеткен жауынгерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін әкесі, атасы және арғы аталары жайлы аз ғана болса да хабар күтіп, үмітін үзбеген.

Дүние жүзінде, әсіресе, батыста Отан соғысында Совет елдерінің жеңіске қосқан үлесін жоққа шығарғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Аталарымыз сол кезде отанын қорғауға кеткен. Олар өздерінің азаматтық борыштарын өтеді. Қаншама отбасы әкесіз қалды, ұлдары үйлеріне оралмады. Тарихын ұмытқан елдің келешегі болмайды. Қазір рухани жаңғыру бағдарламасы бар. Рухани жаңғыруды осыдан бастауымыз қажет. Отан соғысына кеткен барлық аталарымызды есімізге алып, рухына тағзым көрсетуіміз керек. Жеңісті тойлау міндетті емес. Бастысы миллиондаған адамдардың қаны төгілген сұмдық замандар елімізде, бүкіл дүние жүзінде енді қайталанбасын деп тілеуміз қажет. Бабаларымыздың басынан небір қиын-қыстау күндер өткенін ұмытпауымыз керек. Челлендждің негізгі мақсаты – әкелерімізді, аталарымызды, үлкен аталарымызды есімізге алып, оларға ризашылық білдіру.

Басында идеяны қолдаған құрылтайшылармен бірге ақылдасып, адамдар соғыстан келген хаттарды оқыса деп ойладық. Көп отбасында кезінде жауынгер аталары жазған хаттар сақтаулы. Алайда біз бұл ойды кішкене кеңейттік. Бірінші – хаттарды оқу. Екінші – аталары туралы 2-3 минуттық видео түсіру. Соғыстан оралған аталары туралы, тылда қызмет еткен жесір аналар, ұлдары соғыстан оралмаған ана-әжелер мен олардың жеңіске қандай үлес қосқандығына шолу жасау. Соңғы мақсатымыз – қазіргі үлкендер мен жас буын сол кезде ерлік көрсеткен батыр ата-бабаларымызға ризашылығын білдіру.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.