Таразда балалар ойын және спорттық алаңшаларының құрылысы басталды

0

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы, «Қаратау» м/а №1, 2, 3, 4, 5 үйлерінің ауласында жалпы жер көлемі 1300 шаршы метр құрайтын кешенді балалар ойын және спорттық алаңшасының құрылысы «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік қаражаты есебінен «Менің Елім» бағдарламасы бойынша басталды.

Жобаны іске асыруды «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры қамтамасыз етеді. Алаңша түрлері: жасанды төсеніші бар және қоршалған кіші-футбол алаңшасы, тартан төсеніші бар көше тренажерлары, тартан төсеніші бар балалар ойын алаңшасы.

«Қаратау» мөлтек ауданында 11800 адам тұрады, оның ішінде №1, 2, 3, 4, 5  үй тұрғындарының саны – 1500 адам. Аталған мөлтек ауданда 1592 оқушыға 1 жалпы білім беретін №38 мектеп және 412 студент қамтылған «Тараз-Ғасыр» колледжі орналасқан. Құрылыстың нысаналы мақсатыТараз қаласы тұрғындары, жастар мен жасөспірімдер   арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту болып табылады.

ЕСКЕРТПЕ: құрылыс аяқталғаннан кейін аталған кешен ауланың және жалпы мөлтек ауданның тұрғындары үшін тегін негізде қолжетімді болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.