Әл-Фараби-1150 жыл: Таразда халықаралық онлай конференция өтті

0

Жамбыл облыстық білім басқармасының қолдауымен шығыс ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әлем өркениетіндегі Фараби феномені» тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

Адамзаттың екінші ұстазы, энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани, ғылыми мұрасын насихаттау және оның шығармашылық, ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару мақсатына негізделген шара Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде ұйымдастырылды.

Онлайн конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков және Шымкент, Алматы, Атырау қалаларының және Ресей, Эфиопия, Өзбекстан елдерінің жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптері талқыланып, оның шығармаларын кеңінен насихаттау барысы сараланды.

Айта кету керек, 2019 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала — түсіндірме) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

2020 жылы 10 қаңтарда әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде бастау алды.   Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап,  мерейтойды дайындау  және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде  халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар.  

Сондай-ақ, Астанада ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО аясында Әл-Фараби және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өткізіледі деп жоспарланып отыр. Оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары және тағы басқа шақырылады. Айтпақшы, Түркістан облысында арнайы арт-фестиваль ұйымдастырылып, оның аясында қолөнершілердің жәрмеңкелері, ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен мерекелік концерттер өткізілмек. ЮНЕСКО-ның атсалысуымен гуманитарлық білім саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспары тағы бар.

Жалпы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы Президент бекіткен арнайы Қаулыға сәйкес ресми бүгін бастады. Жоспарға сәйкес бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «әл-Фараби» атындағы халықаралық орталық ашылуы тиіс.


Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.