Карантин режимін бұзғандар заң алдында жауап береді

0

2020 жылдың 24 мамыр күні Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Мыңбұлақ», «Диана», «Айрылмас», «Гаухар», «Зарина» сауда орталықтарында рейд жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде карантин режимін сақтамаған азаматтарға хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылды.

Карантин режимін тұрғындардың сақтамай, сауда орындарында, далада топтасып жүруі ауруды жұқтырудың бірден бір жолы. Тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстанып, үйде болуға, көшеге серуенге шыққанда бетперде, қолғап кию түсіндірілуде. Қалалық полиция қызметкерлері, мобильдік топ мүшелері Б.Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің аулаларын, рұқсат берілген сауда орындарын аралап, сақтық шараларын берік ұстануды, келушілердің кіре берісте антисептикалық сұйықтықтармен залалсыздандырылуын, бетпердесіз дүкенге кіргізбеуін және бизнес нүктелерінің белгіленген уақытқа дейін барлық сақтық шараларын сақтай отырып жұмыс істеуіне рейд жүргізуде. Сақтық шараларын сақтамағандарға ескерту беріліп, хаттамалар толтырылуда. Қала тұрғындары !Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін үйде болыңыздар.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.