Онлайн сұхбатта оң істер айтылды

0

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевпен «Азамат жолы-ар жолы» атты онлайн сұхбат өтті.

Сұхбатта Равиль Қуанышбайұлы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянына, күресу жолдарына, қай салада сыбайлас жемқорлық фактілерінің жиі кездесетініне, күресу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарға, «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтары мен «Адалдық сағаты», «Парасаттылық мектебінің» мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Сонымен бірге оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарына онлайн кеңес алып, департаменттің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Онлайнда жыл басынан бері облыс бойынша 54-ке жуық сыбайлас жемқорлық фактілерінің тіркелгенін, олар бойынша тергеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны айтылды.

Тосыннан қойылған сауалдарға Төлебаев іркілместен жауап беріп, сыбайлас жемқорлықпен күресудегі мәдениетті қалыптастыру жолдарына тоқталып, қоғам дертімен бірге күресуге шақырды.

Сұхбат барысында қызметінен бөлек қызықты сұрақтар қойылып, тапқыр жауаптар алынды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.