Әл-Фараби – өркениет ойшылы

0

Жамбыл облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын облыс көлемінде кең ауқымда атап өтіп, іс-шараға облыс кітапханаларын қамтуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі

Мәселен, облыс әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту, халықтың тұрмысын, рухани және әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету мақсатында жүзеге асатын «Сөзден – іске» жобасына кітапханадан енген «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы асында Жамбыл аудандық Айша бибі ауылдық кітапханасында, Қордай ауданы Қарасу, Масаншы, Әлжан ана ауылдық кітапханаларында «Ғылым – шындық, сопылық – сұмдық. Бұл – ақиқат…» атты әдеби постулат өтті.

Іс-шараларда кітапханашылар ғұлама ғалым Әл-Фарабидің трактаттарын, өлеңдерін оқып, қойылымдар қойып, әндер шырқады. Экранда ғұламаның трактаттарынан үзінділер қойылып, өмірі бейнедауыс арқылы айтылып тұрды.

Сонымен бірге кітапханада «Әл-Фараби – өркениет ойшылы» философиялық таным, «Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттары» атты онлайн оқу өтіп, виртуалды көрме ұйымдастырып, ғұламаның трактаттарын оқып, жазылған деректер мен зерттеулерге шолулар жасап, оқырмандарды таныстыруда.

Облыс кітапханаларына Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына әдебиеттер түсіп, шолулар ұйымдастырылуда. Әл-Фарабиді сарайына алдырып, шығыс әмірлерінің бірі мемлекетінің болашағын білмек болыпты, сонда әл-Фараби: – Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін, − деген екен.

Өмірдің өзінен өрілген ойлы шығармалары үлкен ізденісті талап етеді, қай трактатын оқысақ та ойға жетелейді, кешегі өзі айтып кеткен ел болашағы жастардың ғалым шығармашылығын насихаттауда атқарар жұмыстары көп.

Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала – түсіндірме) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

«Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті», – дейді «Әл-Фараби» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы «Әл-Фараби музейі» атты деректі фильмінде.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.