Тараз автобустарында тамыздан бастап электронды билет енгізіледі

0

2020 жылдың 1 тамызынан бастап Тараздағы автобустардың салондарына электрондық жол жүру картасы арқылы төлем жасауға арналған валидаторлар мен терминалдар кезең-кезеңімен орнатылатын болады.
Осылайша, қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жол жүру үшін электрондық карта арқылы төлеу кезінде жол ақысы барлық жолаушылар үшін – 65 теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) 30 теңгені құрайды. Ал, электрондық картасы жоқ азаматтар жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейтін болса, жол жүру құны барлық жолаушылар үшін 130 (жүз отыз) теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) үшін 65 (алпыс бес) теңге мөлшерінде болады.
«SAPARCARD» электрондық жол жүру төлем карталарын 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап қаладағы бірнеше нүктеден сатып алуға болады. Электрондық жол жүру төлем картасының құны барлық жолаушылар үшін 500 теңге болмақ. Айта кету керек, карталардың жарамдылық мерзімі шектелмеген. Сондай-ақ, оқушыларға аты-жөні, ЖСН, фотосуреті бар персоналды карталар дайындалады.
Сонымен, «SAPARCARD» мына мекен-жайлардағы сауда орындарынан сатып алуға және толтыруға болады:

  • SAPARCARD қызмет көрсету орталығы – Жайлау (3) ықшам ауданы, №21 үй, 1-қабат, Сейфуллин көшесі жағынан;
  • Сәтпаев көшесі мен Жамбыл даңғылы қиылысындағы «Тәтті себет» супермаркеті;
  • Мамбет батыр көшесі «Бек» және «Ауыл Береке» базарларының аялдамасында;
  • Мыңбұлақ (9) ықшам ауданы, 26 үйдің жанындағы Жібек жолы аялдамасы;
  • Б. Момышұлы көшесі «Самал» аялдамасы;
  • Байзақ батыр көшесінің бойындағы айналым, «Темір жол» диспетчерлік пункті;
  • Б. Момышұлы көшесі «Қайкермет» базарының аялдамасы;
  • Рахымов көшесінің бойындағы «№1 қалалық аурухана» аялдамасы;
  • «Қаратау» (2) ықшам ауданы, «Сауда орталығы» аялдамасы, «Тәтті себет» дүкені;
  • Б. Момышұлы көшесі, «Жансая» аялдамасы, «Тәтті себет» дүкені;
  • Тәуке хан көшесі, «Small» супермаркеті;
  • Абай даңғылы, темір жол өткелінің арғы жағы «Тәтті себет» дүкені;
  • «Алатау» (8) ықшам ауданы, «Фиркан» дүкені;
  • Сейфуллин көшесі «Сейфуллин» аялдамасы;
  • Қазыбек би көшесі «Глобус» аялдамасы;
  • А. Асқаров көшесі «Ауруханалар кешені» аялдамасы;
  • Қ. Қойгелді көшесі «Салық комитеті» аялдамасы.

Толық ақпаратты saparcard.kz веб-сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, туындаған қосымша сұрақтар бойынша 8 (7262) 34-33-44, 8 771 734 33 44 телефондары арқылы жауап алуға болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.