Жамбыл облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілуде

0

Жас пен кәріге қарамай, жақындарымызды жалмап жатқан коронавирусқа қарсы төтеп беруде жұмыла жұдырық болып, істің берекесін арттырудың маңызы зор. Қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығы медициналық нысандардың жұмысына аяққа киілген кісендей кедергі тудырғаны рас. Сондықтан, халыққа күн-түн демей көмек көрсетіп жатқан медициналық мекемелерге дәрі жеткізу акциясы қолға алынды.

Осылайша, қала әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауының нәтижесінде қаладағы 9 емханаға дәрі-дәрмек топтамасы табысталды. Айта кету керек, препараттармен қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акциясы болып табылады. Кәсіпкерлердің демеушілігімен жалпы саны 560 азамат дәрі-дәрмек пакетімен қамтылатын болады. Пакеттегі дәрілер 7 күнге арналған және оның нарықтағы бағасын есепке алмағанда өзіндік құны 7825 теңгені құрайды.

Атап айтсақ, №1 «Жанұя» емханасы (50), №2 (50), «Садыхан» ОКДМО (50), №4 (50), №5 (100), №6 (70), №7 (70), №8 (50), №9 (70) сынды медициналық нысандар игі шарамен қамтылды.
Адамдардың көптеп шоғырланбауын қарастыратын карантин жалғасып жатқандықтан, жоғарыда аталған азаматтарға дәрі-дәрмек топтамасын жеке табысталмай, олар препаратты емханада арнайы тестілік дәрі егуден кейін өз қажетіне алатын болады.

Жеткізілген дәрі-дәрмек қатарында ксарелто, осельтамивир акрихин, зитрокс секілді қымбат препараттар да бар. Олардың кейбірінің бағасы 7 мың теңгеден басталады. Сол сияқты, цефтриаксон, дексаметазон, новокаин секілді дәрі егуге арналған ерітінділер де емханалардың қажетіне берілді. Бір ғана №5емханаға жеткізген дәрі-дәрмектің жалпы құны 27 млн теңгені құрады.

Мемлекет тарапынан 2020 жылы көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында оларға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жалғасатын болады. Яғни, мұндай отбасылар жәрдемақымен қоса атаулы әлеуметтік көмекті де ала алады.  Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Аяжан Жанғабылова айтып берді. 

«Көпбалалы отбасылардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болса, отбасы арнайы жәрдемақымен қоса, атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы», — деді ол. 

А. Жанғабылованың айтуынша, отбасының осы тоқсандағы алатын мемлекеттік жәрдемақысы кіріс ретінде қарастырылмайды. Өйткені, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде өткен тоқсанның табысы есептеледі, яғни көпбалалы отбасылардың мемлекеттік жәрдемақысы кіріс ретінде келесі тоқсанда  ғана ескеріледі. 

Сонымен қатар ол 2019 жылы АӘК тек тұрмысы төмен отбасыларға ғана төленген болса, 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы бекітілгенін айтты. 

«Бұл жәрдемақы отбасылық табысына қарамастан, барлық көпбалалы, яғни 4 және одан да көп, кәмелеттік жасқа толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан, жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі: төрт балаға – 42 496 теңге, бес балаға – 53 127 теңге, жеті және  одан көп болса – 74 388 теңге. Әрі, отбасының табысы қаралмайды, отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы шарт емес», — деді департамент директорының орынбасары. 

Толығырақ…

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.