Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда көпбалалы аналарға азық-түлік табысталды

    Таразда көпбалалы аналарға азық-түлік табысталды

    Өңір тынысы 24.07.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер және «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды.

    Шараның бірінші күнінде мұндай жинақ жалпы саны 200 отбасыға беріледі. Айта кету керек, карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады.

    Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған. Айта кету керек, аталған акция 7 күнге созылады.

    «Карантин кезінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында осы акцияны ұйымдастырып отырмыз. Бұл шара барша мұсылман баласы үшін қасиетті мереке саналатын Құрбан айт қарсаңында қолға алынып отырғанын айтқым келеді. Бір аптаға созылатын акция аясында шамамен 1000 отбасыны дәл осындай азық-түлік жинағымен қамтамасыз ету көзделіп отыр», — деді қала әкімі Айтқазы Қарабалаев.
    Елдің елдігі сыналған уақытта қолы ашық, жүрегі кең азаматтар қолдау көрсетуден танбай келеді. Коронавирус індеті салдарынан елде енгізілген карантин кезінде қиын жағдайда қалған отандастарға қолдау мен көмек аз көрсетілген жоқ. Соның мысалы ретінде ауруханаларға ыстық тамақ жеткізуді және аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмек табыстауды көздеген іс-шараларды атауға болады.

    Қала кәсіпкерлері осы жолы да кезекті игі іске бастамашы болып отыр.
    Сондай-ақ, қаладағы «Садыхан» ЖШС мен «Тәтті себет» дүкендер желісінің басшылығы дәл осы қамқорлық акциясын әрі қарай жалғастыруға ниеттеніп отыр. Сол себепті, жақынымызға жанашыр болуға шақыратын осы сауапты іске үлес қосамын дейтін азаматтар болса, аталған акция бір апталық мерзімнен әлдеқайда ұзақ жүзеге асырылатын болады.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.