Таразда жедел штаб өкілдері мен журналистер дәріханаларды тексерді

0

Тараз қаласы әкімдігінің жедел штабы өңірдегі БАҚ өкілдерімен бірігіп, 2020 жылдың 27 шілдесінде Тараз қаласында орналасқан бірқатар дәріханалар бойынша күндізгі зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде көптеген дәріханаларда халық көп қолданатын антибиотиктер, вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектер табылмаған.

Алайда, аталған дәрілердің орнын алмастырушы препараттар бар екені анықталды. Айта кету керек, барлық дәріханаларда бетперде жеткілікті, кезек саны азайған.⠀⠀

Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев аталған жедел штаб, Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші мамандары және учаскелік полиция қызметкерлерімен бірігіп, карантиндік режимді сақтау мақсатында түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, карантиндік режимді сақтамаған Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы мен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта бетпердесіз жүрген қала тұрғындарына және белгіленген уақыттан тыс жұмыс жасап тұрған дүңгіршектерге ескерту жасалды.

Сонымен қатар, карантиндік режимді сақтамаған «Villa» кафесі, сыраханалар мен дүкендерге қатысты хаттама толтырылды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.