Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 24 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Аймақ басшысы Талас ауданында 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған жобаны тексерді

    Аймақ басшысы Талас ауданында 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған жобаны тексерді

    Өңір тынысы 04.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл Жамбыл облысы Талас ауданында 77 жобаны жүзеге асыруға  5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сәрсенбі, 3 маусым күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аталған ауданға  жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік маңызы бар жобалардың қалай жүзеге асырылып жатқандығын тексерді.

    Аймақ басшысы алдымен орталықтандырылған су құбырының құрылысы аяқталуға таяу қалған Майтөбе ауылына барды. Мердігер ұйым «Пырақ-Құрылыс» ЖШС нысанды маусым айының соңында тапсырмақ. Нәтижесінде елді мекендегі барлық 328 аула таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

    Сондай-ақ, өңір басшысы ауылдық дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді. Ол медициналық қызметкерлер мен күндізгі стационарда ем алып жатқан науқастарды әңгімеге тартты.

    Одан әрі облыс әкімі шалғай орналасқан Қараой ауылына барды. Жуырда ғана мұндағы 1987 жылы салынған ауылдық клубта күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Мердігер «Умара» ЖШС нысанның шатырын, еденін ауыстыруды жоспарлаған. Облыс әкімі қабырғаларда пайда болған жарықтарға назар аударып, ғимараттың апатты жағдайда тұрғанына және қалпына келтірілмей отырғандығына алаңдаушылық білдірді. Бердібек Сапарбаев қосымша қаражат көздерін қарастырып,   ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа ауылдық клубын салуды тапсырды.

    – Мынау ғимарат ары кетсе екі-үш жыл тұрады. Содан кейін ауыл клубын қайтадан салу керек болады. Жұмыс енді басталды, кейін кемшіліктерді түзетумен алыспау үшін уақыт барда олқылықты осы бастан жөнге келтіру қажет. Болашақты ойлаған дұрыс. Мемлекет қаржысын желге ұшырмаңыз, – деді Бердібек Сапарбаев аудан әкіміне.

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жақын арада ауылда балалар ойын алаңы мен футбол алаңшасы пайдалануға берілмек.

    Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 8,3 шақырым болатын Қараой ауылындағы жолын және аудандық мәндегі 14,5 шақырымдық «Қаратау-Көктал» жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Бердібек Сапарбаев техникалық қадағалауға жауапты компания мен Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовқа құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды. Биыл Талас ауданында жалпы құны 1,3 миллиард теңге болатын 52,3 шақырым жол жөнделеді.

    Облыс әкімі «Wind Power City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясына да барды. Осы жоба аясында 1,8 миллиард теңгенің инвестициялары тартылды. Қазірдің өзінде мұнда жалпы қуаттылығы сағатына 9 МВт құрайтын жеті жел генераторы салынды. Инвесторлардың айтуынша, станция тамыздың басында жұмыс істей бастайды. Жобаның екінші кезеңінде жел қозғалтқыштарының саны тоғызға артады.

    – Жамбыл облысы баламалы энергетика саласында айтарлықтай әлеуетке ие. Аймақтың климаттық жағдайларын мүмкіндігінше тиімді пайдалану қажет. Жаңартылатын энергия көздері жобаларының көмегімен көптеген елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етіп қана қоймай, экологиямызды сақтауға болады, – деді облыс әкімі.

    Сондай-ақ, Қаратау қаласында Бердібек Сапарбаев Көктал сумен жабдықтау жүйесінің, аудан орталығының орталық қазандығына су беру қосалқы желісінің және жаңа тазарту қондырғыларының құрылыс барысымен танысты.

    Жалпы, аудан ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 1,1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Ауы су жүйесі биыл Қаратау қаласы мен Майтөбе ауылына жүргізілмек. Ал Бостандық және Тамабек ауылдарындағы ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өткізіледі.

    Аймақ басшысы ат ізін салған Көктал ауылының тыныс-тіршілігін өзгеге үлгі етуге болады. Ауылда қазір 884 адам тұрады. Жыл басынан бері мұнда бірде-бір қылмыс пен отбасылық кикілжің, ажырасу тіркелмепті. Жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, ескілері қалпына келтірілуде.

    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамыр айында басталған М.Жұмабаев атындағы орта мектепті жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс. Құрылысшылар терезелерін, есіктері мен едендерін жаңалауда. Мектепті мұқият қарап шыққан облыс басшысы ескі ғимараттың қасбетін жаңартуды тапсырды.

    – Мектеп әдемі, жайлы және қауіпсіз болуы керек. Балалардың тар сыныптарда білім алуына жол бермеуіміз керек. Ауылдық мектептер қала мектептерінен еш кем, нашар болмауы тиіс, – деді ол.

    Айта кетерлігі, биыл Талас ауданының елді мекендерінде екі мектепке күрделі жөндеу, ал 11 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.

    Ал Қаратауда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 пәтерлік тұрғын үй қайта жаңартылуда. Кезекте тұрған көпбалалы отбасылар үшін екі тұрғын үй салынуда. Құрылыс нысандарын аралап, пәтерлерге кіріп көрген Бердібек Сапарбаев барлық қажетті инфрақұрылымды уақытылы жүргізуді тапсырды.

    Сонымен қатар, облыс әкімі «Жамбыл Недр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорнында болып, онда компания өкілдерімен бірқатар мәселелердің шешімін талқылады.

    Бердібек Сапарбаев Қаратау Талас ауданы

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.